Республика бойынша теміржолмен көмір тасымалдау 26%-ке өсті

Жарияланды
Қазақстандық көмірдің негізгі тұтынушысы Ресей болып табылады

Ағымдағы жылдың 7 айы қорытындысы бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісінде 62 млн тоннадан астам тас көмір тиелді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,6%-ке өсті. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Республика бойынша темір жолмен көмір тасымалдау 1,5%-ке артып, 42,4 млн тоннаны құрады. Оның ішінде ЖЭО қоймаларына 37,1 млн тонна, тұрғындар үшін – 5,2 млн тонна тиелді, бұл 2021 жылғы деңгейден 26,5%-ке жоғары.

Қатты отын экспорты 12,2%-ке, яғни 19,7 млн тоннаға дейін өсті. Дәстүрлі түрде қазақстандық көмір жеткізу Ресейге, Орталық Азия мен Еуропа елдеріне бағытталған. Қазақстандық көмірдің негізгі тұтынушысы Ресей болып табылады, оған барлық экспорттың 65%-ті тиесілі. Экспорттың 29%-і Еуропаға, тағы 6%-і Өзбекстан мен Қырғызстанға жөнелтіледі.

Жылыту маусымы қарсаңында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да көмір тасымалдау бойынша жедел штаб, жол бөлімшелерінде өңірлік мониторингтік топтар жұмыс істейді. Штаб отырыстары жүк жөнелтушілер мен жүк алушылардың қатысуымен тәулік сайын өткізіледі, онда туындаған барлық мәселелер жедел шешіледі. Штаб көмір разрездері өтінімдерінің қамтамасыз етілуіне, вагондардың жүк операцияларында тұрып қалуын қысқартуға және айналымның орындалуына бақылау жүргізеді.

Сондай-ақ оқыңыз