«Вагонсервис» АҚ филиалының басшысы сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен қамауға алынды

Жарияланды
Келтірілген шығын көлемі 200 миллион теңгеден асты

Алматыда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен көлік прокуратурасының қызметкерлері «Вагонсервис» АҚ жергілікті филиалының басшысын ұстады. Кейін сот оны екі айға қамауға алуға санкция берді.

Тергеу барысында ұсталған азамат жабдықтау бөлімінің бастығымен бірге «Вагонсервис» АҚ-на тиесілі істен шыққан вагондарды жеткізіп беру үшін кәсіпкерлерден ірі көлемде ақша алғаны анықталды.

Кәсіпкерлерге келтірілген шығынның жалпы сомасы бүгінгі күнге дейін 200 миллион теңгеден асады.

Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етілмейді.

Еске салайық, «Вагонсервис» АҚ 100% акциясының иесі «Жолаушылар тасымалы» АҚ болып табылады. Кәсіпорынның сайтында директоры Нұржан Әбілқайыров екені көрсетілген. Вагонсервистің негізгі қызметі – вагондарды деполық жөндеу, техникалық қызмет көрсету, вагондарды отынмен және сумен жабдықтау, вагондарды жалға беру және кәрізді тазалау.

Сондай-ақ оқыңыз