Қаңтар қырғынында қайтыс болғандардың толық тізімі жарияланды
Қаңтар оқиғалары кезінде 238 адам қаза болған. Қазіргі кезде 176 адамның қаза болу мән-жайы анықталып, тергеу жалғасып жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді.
Қазақ болғандардың арасында күш құрылымдарның 19 қызметкері бар. Олар Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облысында қызмет атқарған.
Бас прокуратура жариялған тізімде қаза болғандардың тек фамилиясы жазылған. Сайтта «қылмыстық-процестік заңнама нормаларына сәйкес және қаза болған адамдардың туыстарының пікірлерін ескере отырып, азаматтардың қаза болуының мән-жайлы туралы өзге де мәлімет жария етілуге жатпайды» делінген.
Тергеу органдары қаңтар оқиғасын қатысты 5 300 астам қылмыстық іс тіркеген. Тергеу амалдарын жүргізу үшін барлығы 1 237 күдікті адам қамауға алынған.