Ұн бір жылда 37 пайыз қымбаттады
2022 жылдың қаңтар–маусым айларында елімізде 1,6 млн тонна ұн өндірілген, Былтырмен салыстырса, 1,5 пайыз артық. Ал бағасы былтырғы шілде айымен салыстырғанда 37 пайыз қымбаттаған, деп жазады Energyprom.kz сайты.
Өңірлер бойынша ұн өндірісінің басым бөлігі Қостанай облысына тиесілі: 552,4 мың тонна, былтырғыдан 7,4% көп. Үздік үштікке Солтүстік Қазақстан облысы (164,5 мың тонна, +10%) және Шымкент қаласы (141,5 мың тонна, −14,9%) кірген.
Еліміздің диірменшілері ішкі нарықты ұнмен жоғары деңгейде қамтамасыз етіп отыр. Мәселен, биыл қаңтар–мамыр айларының қорытындысы бойынша, жергілікті компаниялар сұранысты (экспорт пен ішкі нарықтағы сатуды қосқанда) 98,9% қамтамасыз етті.
Импорт 2,4 есе өсті. Сонда да бар болғаны 14,4 мың тонна, ал ішкі өндіріс 1,3 млн тонна екені белгілі.
Экспортқа 764,7 мың тонна ұн жөнелтілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда бірден 36,2% артық. Экспорттың үлесі барлық ресурстың 58,1%-ын құрады.
Ішкі нарықтағы сату көлемі 21,3% төмендеп, 551,7 мың тоннаны құрады.
2022 жылдың қаңтар–мамыр айларында экспорт ақшалай есептегенде бірден 86,8% өсіп, 292,6 млн АҚШ долларды құрады.
ТМД елдеріне физикалық мәнде 212,7 мың тонна ұн жөнелтілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,1% артық. Қазақстандық ұнның басым бөлігі Өзбекстанға жөнелтілді: 158 мың тонна, былтырғыдан 17,6% артық. Үздік үштікке Түркіменстан мен Тәжікстан да кірді.
ТМД-дан тыс елдерге 552 мың тонна ұн жөнелтілді. Мұнда негізгі тұтынушы Ауғанстан елі 551,5 мың тонна сатып алған, бұл көрсеткіш былтырғыдан 47,1% көп.
Биыл шілдеде ұн бағасы былтырғыдан 36,6% қымбаттады. Бірінші сұрыпты бір келі бағасы 225 теңге, жоғары сұрыптысы 343 теңге болды.
Елдің ірі қалаларының ішінде жоғары сапалы ұн ең қымбат елордада (424 теңге), ең арзан Павлодарда (222 теңге).