Ресейдегі жазғы лагерьде балалар жаппай уланды
Жарияланды
Прокуратура: уланған 24 бала ауруханаға жатқызылды
Владивостоктағы «Юнга» жазғы лагерінде демалған балалар тамақтан улану белгілерімен 24 бала ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы lenta.ru сайты Приморск өлкелік прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
«17 тамыздағы жағдай бойынша лагерьдегі кәмелетке толмағандардың жалпы саны 261 екені анықталды, оның ішінде Владивостоктың №2 клиникалық ауруханасына тамақтан улану белгілерімен 24 бала жатқызылды», – деп хабарлады прокуратура.
Ведомство демалыстағы балалардың қауіпсіздігін және құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету саласындағы заңнама талаптарының сақталуын, оның ішінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бағалайтын болады. Тергеу басталды.