Жаңалықтар

Жаһандық тапшылық жағдайында Қазақстанда автокөлік өндірісі өсуде

Елімізде көбінесе Chevrolet, Hyundai және Kia құрастырылады

Шілде айында Қазақстанда 7 783 дана техника шығарылды. Бұл 2021 жылдың шілдесімен салыстырғанда 5%-ға артық, деп хабарлайды Қазақстан автобизнес қауымдастығы.

Қазақстандық өндірушілер жаһандық тапшылық жағдайында жеткізу уақытын қысқарту және құрамдас жеткізушілерді ауыстыру үшін логистикалық тізбектерді өзгертуде.

2022 жылдың жеті айында елімізде жалпы құны 596 млрд құрайтын 59 628 дана жабдықтар өндірілген. Шығарылым көлемі 2021 жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысымен салыстырғанда 26,4%-ға артты.

Қазақстандағы кәсіпорындарда өнімдері игерілген ең танымал брендтердің бестігінде: Chevrolet (21 201 бірлік, Hyundai (19 322 бірлік, Kia (6 766 бірлік), Lada (4 573 бірлік), JAC (3 623 бірлік).