АҚШ-та екі жеңіл ұшақ соқтығысты
                    
                                                    Жарияланды 
                                            
                                    
                                    
                
                                    
                
                                    
                        Қаза тапқандар бар
                    
                            Уотсонвилл қаласында (Калифорния, АҚШ) екі жеңіл ұшақ соқтығысты: қаза тапқандар бар. Бұл туралы Уотсонвилл қаласының ресми Twitter парақшасында хабарланды.
«Уотсонвилл муниципалды әуежайына қону кезінде екі ұшақ соқтығысқан. Зардап шеккендер туралы ақпарат бар», – делінген хабарламада.
Анықталғандай, соқтығыс ұшақ қонуға жақындау кезінде болған. Ұшақтың бірі ангарға соғылған.
