Жаңалықтар

FRHC жаңа аудиторларды жалдап, холдинг  құрылымын өзгертеді

 Freedom Holding Corp. қаржы директоры  Евгений Лер холдингті қайта құрылымдау жайын айтып берді
Евгений Лер
Фото: Тимур Эпов

Батыс пен Ресейдің өзара санкциялары танымал бизнемендердің батыстың ақшасымен Ресейде бизнес жүргізуін қиындатып жіберді. Компаниялар басқа даму жолдарын іздеуге, активтерін сатуға мәжбүр. Ресей, Украина, Қазақстан мен өзге көптеген елде бизнесі бар, NASDAQ биржасында листинтен өткен Freedom Holding Corp. (FRHC)  компаниясы да осындай жағдайға тап болды. Осы орайда холдинг  жұмысы қалай дамып, түрленетіні жайлы FRHC қаржы директоры Евгений Лер айтып берді. 

 – Евгений, холдингтің соңғы тоқсандағы негізгі көрсеткіштері қандай? 

– Freedom Holding Corp. (FRHC) таза пайдасы  $59 млн құрады. Яғни, 2022  жылдың 30 маусымында аяқталған 2023 қаржы жылының І тоқсан қорытындысы бойынша,  7,2%  өсім көрсетті және  2021 жылдың сәйкес кезеңінде таза пайда 55 млн доллар болған. Біздің есеп АҚШ Бағалы қағаз және биржа жөніндегі комиссиясының (SEC) сайтында жарияланған. 

Акцияға шаққандағы пайда 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда біршама өсіп, 0,99 (бұрын – $0,93) доллар болса, басқа жиынтық кіріс $59 миллионнан $83 млн-ға дейін жетті. .Холдингтің осы тоқсандағы кірісі 56%-ға өсіп, 227 млн ​​долларға жетті.

Холдингтің активтері мен міндеттемелері $620 млн және 559 млн долларға өсті. 2022 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша, холдингтің брокерлік клиенттік шот саны 479 мыңды құрады (2022 жылғы 31 наурызға қарай 17%-ға өсті). 

FRHC кірісінің өсуіне не әсер етті? 

– Клиенттік шоттардың көбеюі есебінен біздің комиссиялық табысымыз 36 пайыз өсіп, 132 миллион долларға жетті. Сауда портфелінің жалпы көлемі мен ондағы облигация санының артуы, сондай-ақ берілген несие көлемінің өсуі есебінен пайыздық кіріс 96%-ға өсіп, 49 миллион долларға жетті. Сақтандыру қызметінен түскен кіріс 71%-ға өсіп, 24 млн АҚШ долларына жетті. Біздің аймақта ресейлік нарық қатысушыларының бәсекелестігі төмендеуіне байланысты, көптеген компаниялар инфрақұрылымдық қиындықтарды бастан кешіре бастады. Ал бұл кезде біз  қолда бар инфрақұрылымды сақтай алғанымыздың арқасында, бизнесімізді кеңейтіп, комиссиялық табысымызды арттырдық. 

Жалпы бизнестің, соның ішінде клиент сұранысы ағынын саудалау сегменті өсімінің сыры неде

– Клиенттердің шетелдің қор нарығына деген қызығушылығы артып жатқан кезде, біздің компания жергілікті сауда алаңдарында қаржы құралдарынмен сауда жасау мүмкіндігін беріп,  қарқынды дамып жатыр. Қазіргі кезде еуропалық брокеріміздің табысының басым бөлігін клиент тапсырысы ағынын саудалаудан түсетін түсім қамтамасыз етіп отыр (Бұл бизнес қалай жұмыс істейтіні жайлы мына жерден оқуға болады). 

Енді біз еуропалық маркетмейкерлерді Еуропадан келетін клиент тапсырысы ағынымен сауда жасауға Астана халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) тіркелген Freedom Finance Global компаниясына шақырғымыз келеді. Бұл платформа ASFA бақылауында ашық бизнес жүргізуге мүмкіндік береді. 

Біздің соңғы тоқсандық есебімізде көрсетілгендей, осы бизнеспен байланысты бар тараптардың кірісі шамамен $102 млн құрайды. Бұл кіріс холдингтің қаржылық есебінде еуропалық брокеріміздің өзіміздің клиенттер пулы және клиент ордерімен жұмыс істейтін маркетмейкерден алатын комиссиялық кірісі ретінде көрсетіледі.

–  Жарияланған есепте холдингтің осы тоқсандағы шығыны 84%-ға артқаны жазылған. Неліктен?

– Біріншіден, операциялық шығындардың 32 миллион долларға артуы холдингтің өсуімен, еңбекақы шығынымен байланысты: біз жаңа қызметкерлер жалдадық, сыйақыға шығыны өсті, негізгі қызметкерлерге шектеулі үлестік гранттар берілді, жарнама, қайырымдылық және демеушілік шығындарға жұмсалатын қаржы көлемі артты. 

Екіншіден, пайыздық шығынның 29 миллион долларға өсуі бағалы қағаздарды РЕПО келісімдері бойынша қысқа мерзімді қаржыландыру және клиенттер ашқан депозиттер саны артып, оның пайыздық үстемақысының өсуіне байланысты. 

Холдинг аудитіне қойылатын талаптар туралы толығырақ айтып берсеңіз…

– FRHC-ның бас компаниясы мен АҚШ-тағы еншілес компаниялары қаржы есебін  АҚШ-тағы қоғамдық компаниялар бухгалтерлік есебінің принциптері, стандарттары және процедураларына (US GAAP) сай, NASDAQ биржасының, АҚШ Бағалы қағаз және биржа комиссиясының (SEC)  және Қаржы индустриясын реттеу органының (FINR) жалпы талаптарына сәйкес  ұсынады. Оған қоса, Америка Құрама Штаттарынан тыс, FRHC холдингінің  еншілес ұйымдары жергілікті заң талабына сай, халықаралық қаржы есебі стандарттарына (IFRS) сәйкес есеп береді. Сонымен қатар, холдингтің Қазақстан, Еуропа, Ресей және Украинадағы еншілес ұйымдары өз юрисдикцияларындағы ұлттық реттеушілер үшін ХҚЕС бойынша аудиттен өтеді.

Ал аудиторларыңыз кім?

– Біз туралы ақпарат ашық, мәлімдемелер аудиті, аудиторлық шолулар, M&A қызметімізге қатысты қызмет, салық және заңгерлік кеңес сынды  ХҚЕС аудиті қызметі аясында бүкіл «үлкен төрттікпен» жұмыс істейміз. 

Әлемнің 11 елінде компания өкілдігі бар, бұл ретте негізгі сегмент – лицензиясы бар брокерлер, банктер және сақтандыру компаниялары, олар нормативтік талаптарға сәйкес, сыртқы аудиттен өтуі тиіс.

Мысалы, FRHC бизнесінің қазақстандық сегменті – банк, брокерлер, сақтандыру компаниялары  Deloitte аудитінен өтеді. Ал еуропалық брокерлерді KPMG тексереді. Америкалық қор биржасы үшін  аудитін WSRP компаниясы АҚШ Қоғамдық компаниялары қаржылық есеп беру кеңесінің (PCAOB) стандарттарына сәйкес жүргізеді. WSRP АҚШ-тағы ашық компанияларға аудит жүргізуге  аккредиттелген. PCAOB ережелерінің бөлігі ретінде холдинг Сарбанес-Оксли заңының талаптарына сәйкес, FRHC қаржылық есептілігін дайындауға қатысты ішкі бақылау жүйесінің жеке аудитінен өтеді.

Бұл құжат COSO (Committe of sponsoring Organizations of Treadway Commission) тәуекелдерді басқару стандарттарына сәйкестікті реттейді. Қазіргі  COSO ішкі бақылау стандартын ең ірі компаниялардың көпшілігі ішкі бақылау жүйелерінің сенімділігі мен тиімділігін құру, бағалау үшін пайдаланады.

Бұған дейін холдинг WSRP аудитінен өтетін. Неліктен аудиторды ауыстырып жатырсыздар?

Аудиторды ауыстыру туралы шешім бір жыл бұрын қабылданып, келер жылы оның қызметінен бас тартатынымыз ескертілген еді. Алайда big4 Ресейден кеткен соң, біз аудиторлардан тағы бір тоқсан қолдау көрсетуін сұрадық. Біз олармен ұзақ жылдар US GAAP бойынша жұмыс істедік. WSRP FRHC холдингін  құру мен  дамытуға ат салысты. Бірлесе отырып холдингті аяғынан тұрғыздық, ынтымақтастығымыз жемісті әрі тиімді болды. WSRP әрқашан біздің өсуімізге  ілесіп отырды, компания сарапшылары  аудит талаптарын қатаң сақтай отырып, холдинг бизнесіне қолдау көрсетті. Біз бизнестің өсуіне қарай, «үлкен төрттік» компанияларының  жаһандық аудитіне көшу керегін түсіндік. Бұл әлемдік капитал нарығының талабы: барлық ірі инвестициялық бантер мен рейтинг агенттіктері соны талап етеді.

Сонымен қатар, серіктестеріміз мемлекеттік және коммерциялық емес аудит жүргізуге көшіп,  бағытын өзгертті.Сондай-ақ, FRHC аудиті үлкен адами ресурсты қажет етеді. Ал WSRP  қазір жас мамандар бұл кәсіпке деген қызығушылығы төмендеуі салдарынан,  маман тапшылығын бастап кешіріп отыр. 

Жалпы, WSRP орналасқан Юта штатында аудиторларға сұраныс қазіргі уақытта жоғары, себебі көптеген бизнес  Калифорниядан осы штатқа көшіп жатыр. 

FRHC-тің аудитор ауыстыру  процесін бір жыл бұрын, Ресей-Украина соғысына дейін бастадық. Жаһандық аудиторлардың талаптары өзгерді, олардың өздері қайта құрылымдаудан өтіп, Ресейден кетті. Әрине, аудитор ауыстыру процесі әкімшілік жағынан да, техникалық жағынан да көп уақыт қажет етеді. 

 Қазіргі кезде біз  комплеанс, этика және тәуекелдер жөніндегі комитеттер қабылдауынан өтіп, құжаттаманы дайындап жатырмыз, мүдделі тұлғалардың сұрақтарына жауап береміз.

Қазақстандағы сақтандыру компанияларына қатысты  мәмілелердің жағдайы қандай?

– Есепті тоқсанда біз Freedom Finance Insurance және Freedom Finance Life сақтандыру компанияларын сатып алудың барлық заңды және нормативтік рәсімдерін ресми түрде жаптық.

FRHC қайта құрылымдау процесі қалай жүріп жатқанын айтып өтсеңіз… 

– Соңғы тоқсандық есебімізде былай деп жазылған: «Ресей-Украина қақтығысы және одан кейінгі АҚШ, Ұлыбритания және Еуропа елдері салған экономикалық санкциялар, оған Ресейдің берген жауабына  байланысты біз екі ресейлік еншілес компаниямыз – Freedom RU және Freedom Bank RU компанияларындағы үлесімізді сатуға тырысамыз. Ресейлік еншілес компанияларымызды сатуға қатысты жасаған кез келген келісіміміз АҚШ санкцияларына және OFAC тиісті нұсқауларына, сондай-ақ сатылым уақытында күшіне енген Ресейдің қарсы санкцияларына сай болуы тиіс.

АҚШ заңдарын сақтайтын және АҚШ санкцияларын бұзбайтын қабілетті сатып алушы табылмайынша, осыған дейін қалыптасқан тәжірибемізге сәйкес, ресейлік еншілес компанияларымызға «қолдау көрсету» үшін және OFAC нұсқауларына сәйкес, бұрыннан келе жатқанн сталушыларды қолдау үшін  ғана қаржылық көмек көрсетеміз.  Біз жаңа жобаларды қаржыландыруға немесе ресейлік еншілес компанияларымыздың бар жобаларын кеңейтуге, дамытуға  қатыспаймыз».

Ресейлік бизнесті сатып алушы табылды ма?

 – Иә, Ресейдегі брокерлік компания мен банкке қызушылық танытқандардан бірнеше ұсыныс алдық, соларды қарастырып жатырмыз. Алдағы мәміле Ресей Федерациясының Орталық банкімен де келісілуі керек. Ресейлік бизнестің жаңа иесі біздің топпен еш байланысы жоқ инвестор болады. Бұл брокер ресейлік қор нарығында жұмыс істесе, ал ресейлік банк есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуге және басқа да банктік қызмет көрсетеді.  Серіктестермен бірге холдингті қайта құрылымдауды тезірек аяқтауға мүдделіміз.  Уақыты келген, біз бар мәліметтерді жариялай отырып,  жасалған мәміле туралы айтамыз. 

Ал қазақстандық бизнес не болып жатыр? 

– Біздің қазақстандық сегменттің басым бөлігі әу бастан  ресейлік бизнеске тиесілі болды, солар басқарды. Бұл Қазақстандағы қаржы ұйымдарының меншік құқығын реттеу ерекшеліктеріне, рейтинг пен меншікті капиталға қойылатын белгілі бір талаптардың болуына байланысты еді. Енді FRHC бизнесінің қазақстандық бөлігінің тікелей иесі америкалық холдинг болады деп жоспарланған. Қазіргі уақытта FRHC холдингін қазақстандық бизнес сегментінің (банк, брокер, сақтандыру компаниялары) ірі қатысушысы ретінде  тану  үшін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне құжат тапсырып жатырмыз.