Талдықорғанда көпқабатты үйдің терезесінен бала құлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Аталмыш факті «Қаратал» шағын ауданында тіркелді. 18 тамыз күні кешкі уақытта екі жасар бала үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті.
Белгілі болғандай, бала ересектердің қарауынсыз қалған. Баланың анасы бүлдіршінді «бір сәтке» үлкен балаларына қалдырып, үйден шығып кеткен.
Қуанышқа орай, бала аман қалды.