Арканзас штатының үш полиция қызметкері тұтқынды аяусыз ұрып-соғып жатқаны видео әлеуметтік желіде жариялаған соң қызметінен уақытша шеттетілді, деп хабарлайды NPR.
«Арканзас штатының Кроуфорд округінің үш құқық қорғау қызметкері көлік тұрағында бір адамды ұрып-соғып тұрған видеоны әлеуметтік желіде жариялаған соң қызметінен уақытша шеттетілді. Штат полициясы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр», – делінген хабарламада.
Видеода үш «полицияның» ер адамды жерге қысып, жұдырықпен және тіземен қалай ұрғанын, сондай-ақ ұсталған азаматтың басын асфальтқа соққанын көруге болады. Оқиға жексенбі күні Мулбери қаласындағы шағын дүкеннің жанында болғаны атап өтілді.