Қоғам

Қазақстанда ветеринария қызметі түбегейлі өзгереді

Әкімдіктердің функциясы алынып тасталады

Отандық ветеринария жүйесі реформаланады. Арнайы жол картасы әзірленіп, әкімдіктердің 6 функциясын ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетіне беру ұсынылған.

«Бұл ретте әкімдіктердің ветеринарлық мамандарының ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету, сондай-ақ иесіз ит-мысықты аулау және жою сияқты ерекше функциялары алынып тасталады», деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын уақытылы егу үшін заңнамалық деңгейде отандық өндірушілермен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу мәселесі пысықталады, бұл өз уақытында өзекті штаммдары бар вакциналардың қажетті көлемде алынуына болуына мүмкіндік береді. Өйткені әлемдегі эпизоотиялық жағдай үнемі өзгеріп отырады. Ал цифрландыру шеңберінде «ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» мобильді қосымшасы әзірленеді, ол мал басының деректер базасын құруға мүмкіндік бермек.

Жоғары білікті жас маман тапшылығының орнын толтыру үшін осы жылдың бірінші тоқсанынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ветеринарлардың жалақысы орта есеппен 33,4% өсті. 2022 жылдың соңына дейін одан әрі 60% дейін көтеру жоспарланып отыр. Осыған байланысты, бәсекелестік секторы жоқ жерлерде аудандық жарықтандыру станциялары мен ветеринарлық пункттердің ақылы қызметтерінің көлемін ұлғайту туралы шешім қабылданды.

«Жоғары білім және ғылым министрлігіне ветеринарлық мамандықтар бойынша ауылдық квотаны 30%-дан 70%-ға дейін арттыру бойынша ұсыныс енгізілді. Ұлттық экономика министрлігіне «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында ветеринарларға көтерме жәрдемақы көлемін арттыру туралы ұсыныстар жіберілді», деді Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары.

Аталған мәселелер қазір  әзірленіп жатқан «Ветеринария туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасында көрініс табады.

Рүстем Құрмановтың айтуынша, ветеринария жүйесін реформалау жөніндегі жол картасы мынадай шараларды қамтиды:

  • Ветеринарлық дәрігерлердің мәртебесін анықтау;
  • Ветеринария саласындағы цифрландыру және автоматтандыру;
  • Ветеринария саласында кадрлар даярлау;
  • Жергілікті жерлерде мал дәрігерлерінің жалақысын арттыру;
  • Ветеринариялық қызметтер деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату;
  • Қазақстанның ветеринария саласындағы заңнамасын халықаралық стандарттармен үйлестіру.

«Жоғарыда аталған барлық реформаларды кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарланып отыр, бұл Қазақстанның ветеринариялық қызметінің тиімділігін арттыруға және оны жаңа сапалы деңгейге көтеруге мүмкіндік береді», деді спикер.

Сондай-ақ ветеринариялық қызметке жүргізілген талдау шеңберінде қадағалау және іске асыру функцияларының жеткіліксіздігі айқындалды. Мысалы,

  • Аурудың өршуі анықталған жағдайда карантинді және шектеу іс-шараларын уақытылы қолданбау;
  • Мал иелеріне әкімшілік әсер ету бойынша ауылдық округтердің ветеринарлық мамандарында өкілеттіктердің болмауы, яғни әкімшілік айыппұл сала алммайды;
  • Сондай-ақ әкімдіктердің ветеринариялық мамандарының оларға тән емес функцияларды жүзеге асыруы (қаңғыбас иттерді аулау және ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру).

Аталған проблемаларды жою үшін 6 функцияны қайта бөлу және әкімдіктерден Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне беру ұсынылады.

«Яғни, өңірден орталыққа эпизоотиялық ошақтарды зерттеп-қарауды жүргізу; эпизоотологиялық зерттеу актісін беру; аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығару; карантинді және шектеу іс-шараларын белгілеу және/немесе алып тастау туралы шешім қабылдау сияқты функциялар беріледі. Жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдауды ветеринарлық  бақылау комитетіне беру жоспарлануда», деді спикер.

Бұл ретте әкімдіктердің ветеринариялық мамандарының өзіне тән емес функцияларын алып тастау пысықталатын болады: ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету; қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жансыздандыру. Барлығы аутсорсингке беріледі.

Тағы бір проблема – әкімдіктердің жоспарлы вакциналауды сәйкестендіру және жүргізу бойынша тиімсіз жұмысы. Бұл әкімдіктердің биркалар мен ветеринариялық препараттарды ұзақ мерзімді орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуға тәуелділігіне байланысты. Осы кемшіліктерді жою үшін реформалар аясында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру үшін сырғаларды сатып алу функциясын жергілікті атқарушы органдарға беру көзделген. Вице-министрдің айтуынша, жеке қосалқы шаруашылықтарға тиесілі жануарлар үшін биркалар тегін берілетін болады, өйткені биркаларды сатып алу бюджет есебінен жүзеге асырылады.

«Ал ұйымдастырылған шаруашылықтарға (ШҚ, ФҚ, ЖШС және т.б.) құлақ сырғалары, радиожиілік сырғалары немесе тері астындағы чиптер болсын өз қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы жануарлары үшін сәйкестендіру атрибуттарын сатып алу құқығы беріледі. Сондай-ақ, аудандық деңгейде АШЖБ деректер базасында түзетулерді (өзгерістерді) жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына өзгерістер енгізу, оның ішінде бұрын тіркелмеген ауыл шаруашылығы жануарлары басын заңдастыру кезінде арнайы алгоритм және растайтын құжаттар тізбесі бекітілмек. Бұдан  бөлек,  АШЖБ мобильді нұсқасы іске қосылады. Бұл жануарларды сәйкестендіруді және ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды уақтылы жүргізуге мүмкіндік береді», деді спикер.