Германиядағы кейбір оппозициялық саясаткерлер Ресей Федерациясының азаматтарына Шенген визасын беруді тоқтатуға шақырды. Бұл туралы Bild газеті хабарлайды.
Мысалы, Христиан-Демократиялық Одағының (ХДС) өкілі Деннис Радтке ресейліктердің «Еуроодақ елдеріне демалуға барып, ештеңе болмағандай ақшасын жұмсауы дұрыс емес» дейді.
Тағы бір оппозициялық саясаткер Юрген Хардт Ресей халқы жау емес деп, Ресей басшылығымен байланысы бар ресейліктерге ғана визаны тоқтатуға шақырды.