Мемлекет басшысының төрағалығымен Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтіп, қару өндіру мен сатып алу, сондай-ақ осы саладағы экспорттық бақылау мәселелері қарастырылды, деп хабарлайды Ақорда.
Отырыс барысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев және Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов баяндама жасаған.
Отырыс соңында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берді.