Әуе компанияларының қызметі бір жылда 27 пайызға қымбаттаған

Жарияланды
Бұл саладағы компаниялардың табысы 277 млрд теңгеге жетті

Биыл қаңтар-шілде айларында әуе компанияларының кірісі 276,8 млрд теңгені құрады. Бір жыл бұрын олар 189,2 млрд теңге тапқан, деп жазады Finprom.kz.

Бүкіл кірістің 270,6 млрд теңге көлеміндегі басым бөлігі барлық бағыт бойынша жолаушы тасымалдау есебінен түскен. Тағы 6,2 млрд теңге жүк пен багажды тасымалдаудан келген кіріс. Экипажы бар көліктерді лизингке беруден түскен кіріс 3 млрд теңгені құрады.

2022 жылғы қаңтар-шілде аралығында ұшақпен ұшқан жолаушылар саны 5,8 млн адамды құрады. Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 12,8%-ға артық. Бір ғана шілде айында 1,2 млн адам тасымалданған. Бұл көрсетіш маусым айымен салыстырғанда 7,3%-ға артық болса, қаңтардағы жолаушы ағынынан 2,2 есе көп.

Аймақ бойынша алсақ, жолаушы тасымалының басым бөлігі Алматыға тиесілі: 4 млн жолаушы. Жолаушы ағыны жылына 8,8% өсіп отырады.

Быил жеті айда жолаушылар айналымы 10,2 млрд пкм құрап,өткен салыстырғанда 29%-ға өсті.

Әуе көлігімен 12,7 мың тонна жүк пен багаж тасымалданған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 36,1%-ға аз. Шілде айында жүк пен багажды әуе көлігімен тасымалдау 2,4 мың тоннаны құрап, маусым айымен салыстырғанда 8,8%-ға өсті.

Жүк айналымы 28,5 млн ткм құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 37,4%-ға аз.

Хабар24 арнасының хабарлауынша, Қазақстан 50-ден астам жаңа ұшақ сатып алмақ. Соның 14-і отандық әуе компанияларының ұшақ паркінде жыл соңына дейін пайда болады. Қалғандарын 2025 жылға дейін сатып алу жоспарланған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында әуе қауіпсіздігі жүйесі реформаланып жатыр.

2022 жылдың шілде айының соңында жолаушыларға арналған әуе қызметтерінің бағасы өткен жылмен салыстырғанда 26,6%-ға өсті.

Түркістан (56,8%-ға), Жамбыл (46,7%-ға) және Шығыс Қазақстан (44,5%-ға) облыстарында билт қатты қымбаттағаны байқалды. Солтүстік Қазақстан облысында баға өзгеріссіз қалды. Тағы үш облыста әуе қызметі біршама арзандаған: Ақмола облысында – 8,7%, Қызылорда облысында – 8,8%, Павлодар облысында – 17,7%.

Сондай-ақ оқыңыз