«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі мен Сбербанк тобы Қазақстандағы Сбербанктің толық акциялар пакетін сатып алу-сату мәмілесіне қол қойды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Сбербанк қазіргі геосаяси жағдайды басшылыққа ала отырып және еншілес банк клиенттерінің мүддесі үшін әрекет ете отырып, қазақстандық нарықтан кету туралы шешім қабылдаған.
Хабарламада Сбербанк Қазақстан өтімділік қоры жеткілікті және қаржы жүйесінде қатысушы ірі банк екені жазылған.
«Сбербанк Қазақстанды сатып алу туралы шешім қабылдай отырып, «Бәйтерек» холдингі оның елдің қаржы жүйесі үшін жоғары маңыздылығын бағалады. Банк иеленетін қазіргі заманғы инфрақұрылым мен технологиялар қысқа мерзімде Банкті толыққанды жұмысқа қайтаруға және Қазақстан экономикасының нақты секторын қаржыландыруды бастауға мүмкіндік береді» делінген хабарламада.
Банк өз клиенттерә алдындағы барлық міндеттесін орындауды жалғастырады. Клиенттері үшін банк өнімдері бойынша барлық шарттар өзгеріссіз қалады.
Мәміле банкке белсенді операцияларды толық көлемде жаңарту, депозит тартуға және төлем жүргізуге, сондай-ақ халық пен бизнес үшін өнім мен қызметтерді дамытуды жалғастыруға мүмкіндік береді.