Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 19 тамызда теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,1%-ға (476,01-ден) әлсіреп, 1 АҚШ доллары үшін 476,43 теңге деңгейінде қалыптасты. Бұл туралы Ұлттық банк баспасөз қызметі хабарлады.
Сыртқы валюта нарығында 2022 жылғы 12-19 тамыз аралығында бірқатар маңызды оқиға болды. Келесі отырыста мөлшерлемені 75 базистік тармаққа көтеруді қолдауға Сент-Луис ФРБ басшысының дайын екені туралы мәлімдемесі АҚШ ФРЖ-ның ақша-кредит саясатын күшейту тәуекелдерін күшейтті. ҚХР-да бөлшек сауданың өсу қарқыны маусымдағы ж/ж 3,1%-дан шілдеде ж/ж 2,7%-ға дейін баяулады, өнеркәсіп өндірісі ж/ж 3,8%-ға (маусымдағы ж/ж 3,9%-ға қарсы) ұлғайды. Экономиканы қолдау үшін ҚХР ОБ бір жылдық орта мерзімді кредиттер бойынша және 7 күндік кері репо бойынша мөлшерлемелерді, тиісінше, 2,75%-ға және 2%-ға дейін 10 базистік тармаққа төмендетті.
Бұл факторлар көп жағдайда дамушы нарықтардағы валюталардың теріс динамикасын құрды.
Дамушы елдерде АҚШ долларына қатысты валюталар бағамының динамикасы төмендегідей қалыптасты:
- Ресей рублі экспорттаушыларды салықтық төлемдерге әзірлеу аясында 2,5%-ға (60,61-ден 59,1-ге дейін) нығайды;
- үнді рупиясы АҚШ доллары бағамының жаһандық нығаюы аясында мөлшерлемені одан әрі агрессивті көтеру тәуекелдеріне байланысты 0,2%-ға (79,65-тен 79,78-ге дейін) әлсіреді;
- түрік лирасы инфляцияның рекордтық көрсеткіштеріне қарамастан (шілдеде ж/ж 79,6%),
ОБ-ның мөлшерлемені 13%-ға дейін (1 п.т.) төмендетуге қатысты шешімі аясында 0,8%-ға
(17,95-тен 18,1-ге дейін) әлсіреді; - Индонезия рупиясы әлемдік экономиканың баяулау белгілері мен АҚШ ФРЖ-ның ақша-кредит саясатын күшейту тәуекелдері салдарынан инвесторлардың тәуекел дәрежесінің нашарлауы аясында 1,2%-ға (14 668-ден 14 838-ге дейін) әлсіреді;
- Мексика песосы АҚШ доллары бағамының нығаюы мен теріс тәуекел сентименті аясында 1,6%-ға (19,85-тен 20,17-ге дейін) әлсіреді;
- Бразилия реалы металл бағасының теріс динамикасы аясында 1,8%-ға (5,08-ден 5,17-ге дейін) әлсіреді;
- Оңтүстік Африка ранды маусымда ж/ж 2,5%-ға төмендеген бөлшек сауда бойынша мардымсыз деректер аясында 5,1%-ға (16,17-ден 17-ге дейін) әлсіреді.