«Жеке зейнетақы қызметтерін жеке куәліксіз алуға болады». Зейнетақы қоры бойынша ең өзекті сұрақтардың жауабы

Жарияланды
Қор жұмысы цифрлана түсті

Қор жұмысы цифрлана түсті

Елімізде соңғы жылдары ұдайы өзгеріске ұшырап, күрделі реформаны бастан кешіп жатқан саланың бірі – зейнетақы  саласы. Анығырақ айтқанда, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры. Мемлекет соңғы уақытта бұл қордың жұмысын мейлінше ашық етіп, қорға тек зейнетақы жинаушы емес, инвестициялаушылық функция да қосқан болатын. Осы ретте қор БЖЗҚ-ға қатысты бірқатар сауалдардың жауабын ұсынып отыр.  

Келесі жылы жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары енгізілетінін оқыдым, алайда, менің білуімше, қазірдің өзінде кейбір мамандықтар бойынша еңбек етіп жүрген қызметкерлер үшін қосымша 5% төленеді. Осы жайлы толығырақ білсе бола ма?

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) – агент (жұмыс беруші) еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын өз жұмыскерлерінің пайдасына БЖЗҚ-ғ өз қаражаты есебінен аударатын ақша. Егер жұмыс беруші Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде арнаулы салық режимі қолданылатын шаруашылық жүргізуші субъект болмаса, МКЗЖ ұлттық валютамен табысы төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей төленеді.

Қазір көптеген компаниялар жеке куәліктің цифрлық көшірмесін қабылдай бастады, БЖЗҚ-да бұл жағы қалай?

БЖЗҚ заманауи трендтерден қалыс қалмайды, міне, бірнеше ай бойы стандартты жеке куәлікпен қатар, оның цифрлық көшірмесін де пайдаланып келеді. Бүгінгі таңда жеке зейнетақы қызметтерін БЖЗҚ-дан жеке куәліксіз алуға болады. Ол үшін eGov Mobile мобильді қосымшасында жеке куәліктің цифрлық (электрондық) нұсқасы болса жеткілікті.

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің электрондық нұсқасымен БЖЗҚ бөлімшелеріне өзі келгенде:

  • Жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу;
  • Деректемелерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
  • Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабарлау тәсілін өзгерту (айқындау).
  • Зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударуға болады.

Жеке куәліктің цифрлық (электрондық) нұсқасын БЖЗҚ бөлімшелеріне тікелей өзі келгенде пайдалануға болатынын атап өтеміз.

Қазір мен бала күтімі бойынша декреттік демалыста жүрмін. Еңбекке жарамды уақытымның барлығында ресми түрде жұмыс істедім, тиісінше, жарналарым да БЖЗҚ-ға жүйелі түрде аударылды. Мен жұмыс істемеген уақыт ішінде мен үшін зейнетақы жарналары төлене ме, төленетін болса, оларды кім аударып отырады?

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылар үшін бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) қосымша белгіленеді.

Субсидиялау қағидаларының 2-тарауының 4-тармағына сәйкес БЖЗҚ-да МЗЖ субсидиялау бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем алушылардың пайдасына ай сайын бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Яғни ай сайын, бала бір жасқа толғанға дейін анасының жеке зейнетақы шотына МЗЖ бюджет қаражаты және МӘСҚ қаражаты есебінен мемлекеттік корпорация арқылы аударылатын болады.

МЗЖ мөлшері декреттік демалысқа шыққанға дейін белсенді еңбек қызметі кезеңінде алатын табысынан 10% деңгейінде сақталады. Осылайша, 10% жарна мыналарды қамтиды:

  • 4% – бала күтімі бойынша төлемдерді жүзеге асыратын МӘСҚ-дан (МӘСҚ жарналары);
  • 6% – республикалық бюджеттен (субсидия).

БЖЗҚ-ға берген өтінімдерімнің мәртебесін кеңсеге жүгінбей-ақ қалай қадағалай аламын?

«БЖЗҚ» АҚ-да тіркелген төлемге өтініштің орындалу мәртебесін «Электрондық сервистер» бөліміндегі «Менің төлемдерге / аударымдарға өтініштерім» қызметінің көмегімен қадағалауға болады.

Инвестициялық портфельді басқарушыларға ауыстыру кезінде өтініштің орындалу мәртебесін Жеке кабинеттің басты бетіндегі «Өтініштердің мәртебесін қадағалау» деген кіші бөлімде қадағалауға болады.

Сақтандыру ұйымына ауыстыру бойынша өтініштің орындалу мәртебесін Жеке кабинеттің басты бетіндегі «Өтініштердің мәртебесін қадағалау» кіші бөлімінде бақылауға болады, атап айтқанда:

  • ЖСН мен парольді пайдалана отырып;
  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан алынған ЭЦҚ кілтінің көмегімен;
  • Төлемге және (немесе) аударымға өтініште көрсетілген деректерді пайдалана отырып жүргізіледі.

Уәкілетті оператордан келіп түскен біржолғы зейнетақы төлеміне (БЗТ) өтініштің мәртебесін салымшы «БЖЗҚ» сайтындағы «Менің төлемдерге/аударымдарға өтініштерім» электрондық қызметі және БЖЗҚ-ның ұялы қосымшасы арқылы дербес тексере алады.

Осы операциялардың барлығын төмендегі тәсілдермен жасауға болады:

  • ЖСН мен парольді пайдалана отырып (олар БЖЗҚ дерекқорында тіркелуі тиіс). Бұл тәсілді салымшы өз жинақтары туралы ақпарат алу тәсілі ретінде «интернет-ақпараттандыруды» таңдаған жағдайда жүзеге асыруға болады);
  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан алынған ЭЦҚ кілтінің көмегімен.
Сондай-ақ оқыңыз