Қайрат Сатыбалдыға қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлы мен басқа да тұлғаларға қатысты тергеуды аяқтады. Оларға «Қазақтелеком» АҚ мен «Көліктік сервис орталығы» АҚ қаражатын аса ірі көлемде ұрлады деген айып тағылған еді.
Аталмыш с бойынша күдікті – бесеу, олардың біреуі қамауда, екеуі – үй қамақта.
Тергеу барысында заңсыз сатып алынған активтер мен жалпы сомасы 240 миллиард теңгеден асатын ақшалай қаражат мемлекетке қайтарылған.
Сатыбалдыұлына қатысты салық пен кедендік төлемдерді төлеуден жалтару, қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша қылмыстық істер қосымша тергеліп жатыр,
Айыпталушылардың басқа да заңсыз активтері іздестіріліп жатыр.
Жалпы құны 400 миллиард теңге немесе 900 миллион АҚШ долларынан асатын жылжымайтын мүлік, автокөлік пен ақшалай қаражат анықталып, жақын арада мемлекетке қайтарылатын болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 13 наурыз күні экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды ұсталғанын хабарлаған еді. Оған лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды және аса ірі көлемде «Қазақтелеком» АҚ қаражатын жымқырды деген айып тағылған.
Біраз күннен кейін агенттік Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты «бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқыру» фактісі бойынша іс қозғалғанын жариялады.