Биылғы жылдың қаңтар–шілде айларының қорытындысы бойынша, республикада 537 кісі өлтіру және өлтіруге оқталу тіркелді, бұл бір жыл бұрынғыдан 9,4% артық. Соның ішінде кісі өлтіру дерегі 356, дайындық және оқталу дерегі — 181.
Салыстыру үшін: өткен жылдың сәйкес кезеңінде республика бойынша 491 ұқсас құқық бұзушылық тіркелген, бұл алдыңғы жылдағыдан 5,8% аз.
Сондай-ақ, ҚР-да жаңа туған нәрестелерді өз аналарының өлтіру бойынша 4 дерегі, қорғаныстың қажетті шегінен шығып кісі өлтірудің 5 дерегі, абайсызда кісі өлтіріп алудың 28 дерегі, өзін-өзі өлтіруге итермелеудің 858 дерегі тіркелген.
Өңірлер бойынша сектордағы құқық бұзушылықтардың басым бөлігі Алматы қаласында тіркелген: 160 адам өлтіру мен оқталу — бір жыл бұрынғыдан бірден 4,2 есе көп. Одан кейін Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары — сәйкесінше 49 және 48 жағдай.
Еліміздің 20 өңірінің ішінде мұндай құқық бұзушылықтардың ең азы жаңадан құрылған Жетісу және Абай облыстарында тіркелді, бұл жаңа өңірлер бойынша статистиканың ерекшеліктерімен байланысты: әрқайсысында 1 жағдай. Тағы бір жаңадан құрылған өңір Ұлытау облысында мұндай құқық бұзушылық әзірге тіркелмеді.
Айта кету керек, ағымдағы жылдың жеті айында кісі өлтіру және кісі өлтіруге оқталу деректерін ашу 93,9%-ды құрады. Ең жоғары анықтау көрсеткіші Жамбыл, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында тіркелді: 100%. Кісі өлтіру қылмыстарының ашудың ең төменгі көрсеткіші Алматыда байқалды: небәрі 76,9%.
Бас прокуратураның сайтында қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандардың толық тізімі жарияланды. Тізімде барлығы 238 адам бар. Олардың арасында бейбіт тұрғындар, құқық бұзушылар мен қауіпсіздік күштері бар, прокуратура бұдан басқа ешқандай мәлімет жарияламай отыр. Тәртіпсіздікке қатысты тергеу жалғасуда.