Жаңалықтар

«QAZAQ AIR» АҚ әуе билеттеріне мерекелік жеңілдік жариялады

1 қыркүйектен 29 қазанға дейінгі кезеңде 15% жеңілдік ұсынылады

Мерекелік жеңілдік субсидияланған рейстерден басқа барлық бағыттарға қолданылады және қолданыстағы барлық тарифтердің 15%-ын құрайды.

2022 жылғы 1 қыркүйектен 29 қазанға дейінгі кезеңде 15% жеңілдікпен ұшуды жүзеге асыруға болады. Билеттерді flyqazaq.com ресми сайтынан брондауға және сатып алуға болады, сондай-ақ Әуеакомпанияның сату кеңселерінде тек 2022 жылдың 27 тамызында.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың 27 тамызында QAZAQ AIR өңірлік әуекомпаниясының алғашқы ұшуы өткен болатын. Бастапқыда маршруттық желі 5 аймақтық бағытты қамтыды. Нұр-Сұлтандағы хабы бар маршруттық желіні қайта құру әуекомпанияға жыл бойы және маусымдық 35 маршрутты тұрақты негізде орындауға мүмкіндік береді.

2021 жылы миллион тұрғыны бар Омбы, Новосибирск, Қазан және Екатеринбург қалаларымен тұрақты әуе қатынасы іске қосылды, ал 2022 жылдың шілдесінен бастап «Ақтөбе – Баку – Ақтөбе» және «Нұр-Сұлтан – Баку – Нұр-Сұлтан» (транзит Ақтөбе қаласы арқылы) рейстерін орындайды.
Авиакомпанияның әуе кемелер паркі 5 авиалайнерден тұрады, флоттың орташа жасы 4 жылды құрайды.

QAZAQ AIR әуекомпаниясы De Havilland Canada Dash-8 Q400 Next Gen заманауи әуе кемелерімен рейстерді орындайды. 2021 жылдан бастап Әуекомпания авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі өзінің ұйымын сертификаттады және қатарға қосты. Барлық флот QAZAQ AIR меншігінде және Қазақстан Республикасында тіркелген.

Әуекомпания өзінің дамуын жалғастыруда: 2022 жылдың мамыр айында өзінің авиациялық оқу орталығының есігін айқара ашты және бортсеріктердің бірінші тобын өз бетінше оқытты. Оқу орталығы авиамамандарды даярлаудың барлық түрлері мен авиасалалар бағдарламаларына оқытып-үйретуге дайындығы мен сәйкестігін растайтын сертификат алды.