Болат Назарбаевтың қанша жері бар екені белгілі болды

Жарияланды
Amanat партиясында әлеуметтік әділетсіздік туралы айтылды

Қазақстанның тұңғыш президенті Болат Назарбаевтың інісі жалпы көлемі 244 гектарды құрайтын 59 жер телімі бар. Бұл туралы Мәжілістегі « Amanat» партиясы фракциясы жетекшісінің орынбасары, Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Ерлан Саиров Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.

Оның айтуынша, бұл жер телімдерінің нарықтық құны жүздеген миллион долларды құрайды.

«Болат Назарбаев Қаскелең, Талғар, Түркістан облысы, Нұр-Сұлтан қалаларында коттедж қалашығы, әкімшілік ғимарат, базар салу үшін 244 гектар тұратын 59- жер телімі, объект алған. Сол кісінің фамилиясына берілген»-деді Ерлан Саиров.

Депутат цифрлық даму министрлігінің мәліметтері бойынша Қазақстанда 2 миллионнан астам азамат 10 гектар жерді ала алмай телміріп жүргенің атап өтті.

«Бұл неткен әлеуметтік әділеттілік? Конституциядағы теңдік принциптері қайда? Осындай әлеуметтік диспропорция халықтың ызасын туғызады. Біз түсінуіміз керек, мұндай бұраудың міндетті түрде сұрауы болады.Партиялық Кеңес аппаратында осфы мәселенмен терең айналысуға тапсырма беремін! «Жер-Аманат» комиссиясымен бірге істеу қажет»-деп түйіндеді сөзін Саиров.

Сондай-ақ оқыңыз