Жаңалықтар

ҰҚК Кәрім Мәсімовке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады

Оған мемлекетке опасыздық жасады деген айып тағылған

Ұлттық қауіпсіздік қызметі бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Оларға мемлекетке опасыздық жасады, билікті күшпен басып алу және билікті немесе лауазымды өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген айып тағылған. Бұл туралы комиметтің баспасөз қызметі хабарлайды.

Мәсімов пен Садықұловқа қатысты іс Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі (мемлекетке опасыздық жасау), 179-бабы 3-бөлігі (билікті күшпен басып алу) және 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) жүргізілген.

«Дәулет Ерғожин ҚК 179-бабы 3-бөлігі (билікті күшпен басып алу) және 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) бойынша, Өсіпов ҚК 362-бабы 3-бөлігі бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану), Акипов және Бекмұрат ҚК 362-бабы 1-бөлігі бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) істі болып жатыр» делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта күдіктілерді іс материалдарымен таныстыру жүргізіліп жатыр. 

Іс материалдарымен танысу кезеңіне қамауда ұстау мерзімі Мәсімов пен Садықұлов қамауда ұстау мерзімі 6 қазанға дейін, Ерғожинді 13 қазанға және Өсіповті қамауда ұстау 22 қазанға дейін ұзартылған.