БЖЗҚ салымшыларының таза инвестициялық кірісі 501 млрд теңгеден асты
2022 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 13,7 триллион теңге болды. Бұл қаражаттың зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтитыны белгілі. Бұл туралы БЖЗҚ АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Зейнетақы жинақтарындағы инвестициялық табыстың үлесі жыл сайын өсіп келеді. Жалпы, 2014 жылдан бері Ұлттық банк қамтамасыз еткен таза инвестициялық табыс (БЖЗҚ-да барлық зейнетақы активтерін біріктіру үрдісінің аяқталуы) 6,5 трлн теңгеге жетті.
2022 жыл геосаяси жағдайдың нашарлауы аясында қаржы нарықтарындағы жалпы тұрақсыздықпен сипатталады. Кезең басынан бастап инфляцияның өсуі және қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалауға байланысты және оң да, теріс те көрсеткіштерді көрсететін зейнетақы активтері кірістілігі көрсеткіштерінің құбылмалылығы байқалады.
Дегенмен, құралдар, салалар және валюталар бойынша портфельді әртараптандыру есебінен шілде ішінде өткен айлардың уақытша төмендеуін жапқан оң инвестициялық табыс алынды. Жеті айдың қорытындысы бойынша салымшылар мен алушылардың шоттарына 501 млрд теңгеден астам инвестициялық табыс түсті. Зейнетақы активтері бойынша ҚР Ұлттық Банкімен қамтамасыз етілген соңғы 12 айдағы табыстылық (2021 жылдың шілдесінен 2022 жылдың тамызына дейін) 8,24% құрады.
Айта кету керек, зейнетақы жинақтары – бұл ұзақ мерзімді инвестициялар және инвестициялық табыстың мөлшерін кемінде 1 (бір) жыл кезеңінде талдау орынды. Қысқа мерзімді деректер (апта сайынғы, ай сайынғы және т.б.) – айқын нәтиже көрсетпейді, өйткені, ол нарықтың үнемі құбылмалығына тәуелді.
Мысалы, 2021 жылы салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ-сына бөлінген таза инвестициялық табыс шамамен 1,4 трлн теңгені құрап, бұл бір жыл ішінде түскен жарналар мөлшерінен асып түсті (1,3 трлн теңге). БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік ҚР Ұлттық Банкінің басқаруымен былтыр жыл басынан бері 11,13% көрсетсе (бұл мерзімді банк депозиттері бойынша табыстылықтан жоғары), инфляция 8,4% болды.
Айта кетейік, жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған күннен бастап (1998 жыл) 2022 жылдың 1 тамызына инвестициялық табыстылық барлық кезеңдегі инфляция 622,44% кезінде өсу қорытындысымен 710,11%-ды құрады. Осылайша, 2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қолданысы басталған кезеңде зейнетақы активтерінің нақты (яғни инфляциядан асатын) табыстылығы 87,67% құрады.