Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2022 жылғы 26 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлімдеді.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 617 жағдай тіркелді.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 387 029 жетті.
Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында – 109, Алматы қаласында – 48, Шымкент қаласында – 3, Ақмола облысында – 81, Ақтөбе облысында – 23, Алматы облысында – 6, Жетісу облысында – 7, Атырау облысында – 13, Шығыс Қазақстан облысында – 15, Абай облысында – 4, Жамбыл облысында – 6, Батыс Қазақстан облысында – 57, Қарағанды облысында – 86, Ұлытау облысында – 8, Қостанай облысында – 62, Қызылорда облысында – 2, Маңғыстау облысында – 21, Павлодар облысында – 29, Солтүстік Қазақстан облысында – 32, Түркістан облысында – 5.