Зеленский: Украинаны қалпына келтіру үшін 600-800 млрд доллар қажет
Жарияланды
Украина басшысы елді қалпына келтіру үшін қажетті соманы мәлімдеді
Украина президенті Владимир Зеленский елді қалпына келтіру үшін 600-800 миллиард доллар қажет деп санайды. Бұл туралы РБК сайты хабарлады.
Бұл соманы ол француздық кәсіпорындар қозғалысына (MEDEF) үндеу кезінде атады, деп хабарлайды Украинаның 5-арнасы.
Украина президенті сондай-ақ соғыс қимылдары әлі аяқталмағандықтан, бұл мақсаттарға жұмсалатын шығындардың ауқымын дәлірек бағалау қиын екенін атап өтті.