Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері өседі
Жарияланды
Ең төменгі жалақы көрсеткіші 70 мың теңге болмақ
Қазақстанда ең төменгі жалақы 60 000 теңгеден 70 000 теңгеге дейін өседі. Бұл туралы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.
«Мемлекет ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесін енгізеді, ол оның мөлшерін кезең-кезеңімен ұлғайтады. Мен ең төменгі жалақыны 60-тан 70 мың теңгеге көтеруді шештім. Бұл 1,8 миллион азаматтың кірісіне тікелей әсер етеді», – деді Мемлекет басшысы.