Жаңалықтар

Тоқаев жаңа экономикалық бағыттың басымдықтарын атады

Басты мақсат – азаматтардың әл-ауқатын арттыру

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында елдің жаңа экономикалық бағытының бірнеше басымдықтарын атады.

«Біздің экономикалық саясатымыздың негізгі мақсаты өзгеріссіз қалады – азаматтарымыздың әл-ауқатының сапалы және инклюзивті өсуі», – деді ол.

Оның айтуынша, жаңа экономикалық бағыттың басымдықтары жеке кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру, мемлекеттік капитализмнен және экономикаға мемлекеттің шектен тыс араласуынан бас тарту болмақ. Екіншісі – бәсекелестікті дамыту және барлығына тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Үшіншіден, ұлттық табысты әділ бөлу.