Канадада белгісіз адамдар он тұрғынды пышақтап кетті
Жарияланды
15 адам түрлі жарақаттар алды
Канаданың орталық Саскачеван провинциясында пышақ ұстаған қылмыскерлердің шабуылынан он адам қаза тауып, 15 адам жараланды, деп хабарлады Іnterfax.ru сайты.
Канаданың Саскачеван корольдік полициясының (RCMP) қолбасшысы Ронда Блэкмор баспасөз мәслихатында 13 ауданда он адамның өлі табылғанын айтты. 15 адам ауруханаға жатқызылды.
Блэкмордың айтуынша, Дэмиен Сандерсон және Майлз Сандерсон атты екі адам бұл қылмыстарға күдікті.
Полиция Саскачеван тұрғындарына «қауіпсіз жерден шықпауды, абай болуды, адамдарды үйлеріне кіргізбеуді» сұрады.
Сондай-ақ жұртшылық күдікті адамдар мен төтенше жағдайлар туралы 911 қызметіне хабарлауы және полицияның жүрген жері туралы ақпаратты таратпауы талап етілді.