«Qazaq Oil ЖҚС ұлттық желісінің ұжымы Қостанай облысындағы өрт жеке қасіретке, жеке бақытсыздыққа айналған жандарға шынайы қолдау мен жұбаныш сөздерін жеткізіп отыр. Біз сіздермен біргеміз. Сіз сияқты біз де алаңдаудамыз»-деп жазылған хабарламада.
Табиғат апатының салдарын жоюға моральдық қолдау көрсетумен қатар біздің компания материалдық көмек (50 млн теңге) бөлді. Сондай-ақ өрт сөндіруге қатысатын арнайы техникалар мен барлық коммуналдық қызметтерге дизельдік отынның тегін берілетінін хабарлады.