Жаңалықтар

Туу туралы куәлікке өзгерістер енгізілмек

Туу туралы куәліктердің телнұсқалары, қосарланған аттар мен әкесінің атын беру: «Неке және отбасы туралы» заңда не өзгерді ?

 Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қалалық Әділет департаменті басшысының орынбасары Зәуреш Сатхожина азаматтарға ыңғайлы болу үшін азаматтық хал актілерін тіркеудің, қайталама куәлік берудің барлық түрлеріне экстерриториялық принцип енгізілгенін айтты.  Басқаша айтқанда, қай өңірде туылғанына қарамастан туу туралы қайталама куәлікті алу қажет болған жағдайда, туу туралы қайталама куәлікті ол қалауы бойынша кез келген тіркеуші органнан ала алады. Сонымен қатар, ата-аналардың таңдауы бойынша баланың тууын тіркеу проактивті тәсілмен, SMS-хабарламалар арқылы көрсетілетін болады. «Ананың жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған жағдайда баланың тууын тіркеу және туу туралы куәлік беру мүмкіндігі қарастырылған. Осылайша, балалардың туғаннан бастап азаматтығы жоқ болу мәселесі шешілуде», – деп хабарлады ӨКҚ спикері. Сондай-ақ, Зәуреш Сәтхожина өзгерістер қос есім мен әкесінің атын дефис арқылы беруді қарастыратынын айтты.

 «Мәселен, әкесінің аты Әли-Асқар болса, әкесінің аты Әли-Аскарович немесе Әли-Асқарұлына берілуі мүмкін», – деді Әділет департаменті басшысының орынбасары.  Куәліктері Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде берілген балалардың тууын тіркеу үшін құжаттар тізбесі кеңейтілді. Мысалы, егер бала Өзбекстанда туылса және туу туралы куәлік туған жері бойынша берілсе, жаңа түзетулерге сәйкес ата-аналар баланың нақты туған жерін көрсете отырып, кез келген тіркеуші органда қазақстандық үлгідегі туу туралы куәлікті ала алады.

 Бұл новелла ата-аналарға мектепке дейінгі балалар мекемелеріне кезекке қою, медициналық ұйымдарға бекіту, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, борыш жүктемесін азайту және т.б. сияқты мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алуға мүмкіндік береді. Азаматтық хал актілерін тіркеудің кейбір түрлері автоматтандыруға байланысты алынып тасталды. 2 анықтаманың орнына: бала асырап алу туралы куәлік немесе әке болу және туу туралы куәлік, тіркеуші орган баланың жеке деректері мен ата-анасы туралы мәліметтерді қамтитын бір ғана баланың туу туралы куәлігін береді. Сот шешімі негізінде некені бұзуды тіркеу тәртібі автоматтандырылды.

Бұл ақпарат Әділет министрлігінің ақпараттық жүйесіне автоматты түрде енгізіліп, неке қию туралы жазбаға оның бұзылғаны туралы белгі қойылады. Азаматтардың тіркеуші орган мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен ала алатын құжаттарды (сот шешімі, медициналық анықтама, Қазақстан Республикасында тіркелген акт жазбалары туралы мәліметтер және т.б.) ұсыну қажеттілігі жойылды. Жоғарыда аталған барлық жаңалықтар азаматтардың уақытын және қаржылық шығындарын қысқартуға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісін цифрландыруға мүмкіндік береді.