Қандай жағдайда тұруға ықтиярхаттың күші жойылуы мүмкін?

Жарияланды

Егер шетел азаматы Қазақстанда күнтізбелік жыл ішінде 183 күннен артық болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаттың күшін жоюы мүмкін.

« Шетел азаматы жыл ішінде бірнеше рет шетелге шыға алады, бірақ оның елден тыс жерде болуының жиынтық мерзімі 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында 183 күннен аспауы тиіс», – деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Ринат Шкибаев.

Айта кетейік, жыл басынан бері көші-қон қызметі бөлімшелерінің қызметкерлері Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға 250-ден астам рұқсаттың күшін жойды.

Сондай-ақ оқыңыз