Құрылысшылар Одағы үй бағасын арзандатудың жолдарын тапты
ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫН ӨНДІРУШІЛЕР МЕН ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ТЕТІГІН ТАПТЫ
Жыл өткен сайын Қазақстанда тұрғын үй тапшылығы белең алып келеді. Мысалы, БҰҰ стандартына сәйкес 1 адамға кем дегенде 30 шаршы метрден келуі тиіс, бірақ Қазақстанда бұл көрсеткіш 23 шаршы метрге тең. Бұған қарамастан, елімізде жыл сайын миллиондаған шаршы метр аспандаған бағамен қолданысқа беріледі. Алдағы 7-8 жылда баспанаға мұқтаждар саны 10 миллион адамға дейін артуы ықтимал. Бұл санаттағы адамдар айлық жалақымен ғана күн көріп отырғадықтан ақша жинауға мүмкіндігі жоқ екені бесенеден белгілі.
Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйенсек, 1 000 қазақстандыққа 287 тұрғын үйден келеді. Ал Оңтүстік Африка еліндегі 283. Ал Түркияда мың тұрғынға 446 үйден келсе, Ресейде 449-ға тең. Еуроодақта әр екінші тұрғынға бір үйден келеді.
2008 жылғы дағдарыс кезінде нысандарды аяқтауға 500 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген болатын. Алдыңғы дағдарыспен салыстырғанда құрылыс көлемінің 2 есе өскенін ескерсек сәйкесінше проблемалық нысандар 1,0 трлн теңгеге дейін ұлғаюы мүмкін.
Мұндағы шешім:
Мемлекеттің шұғыл араласуынсыз мұндай жағдай құрылыс секторындағы проблемалық нысандарға сондай-ақ, әлеуметтік наразылық тудыратын жайттарға алып келуі ықтимал. Сондықтан 1,0 трлн. Теңгеге халық үшін түрлі санаттағы азаматтардың тұрғын үй тапшылығын шешуге арналған 0-ден 5%-ға дейінгі ипотекалық несиелеу бағдарламалары дайындалуы керек-дейді РЗТҚ «Қазақстан құрылысшылар одағы» .
Осыған орай, Алматыда 8 – қыркүйек, сағат 11.00, РПП «Атамекен», Жібек жолы 135, блок2, 8 қабат, «Медео» залында құрылыс материалдарын өндірушілер мен кәсіпкерлердің бастамасымен баспасөз мәслихаты өтеді.