Алматыда мешітте ұрлық жасаған күдікті ұсталды
Жарияланды
Мешіттегі ұрлықты қаланың Әуезов ауданының полицейлері ашты-деп хабарлайды Polisia.kz.
Тұрақты жері жоқ 42 жастағы жұмыссыз азамат ұсталды. В. есімді азаматтың ұрлық жасап жатқан жері бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Зардап шегушінің айтуынша, қаладағы мешіттердің бірінде, намаз оқу кезінде телефонын еденге, аяғының астына қойған. Намаздан кейін затының жоғалғанын байқады. Сол күні-ақ күдікті анықталды және ұсталды. Ұрланған IPhone ұрының өзімен бірге болды. Ұсталған азамат ұрлыққа қатысы барын жоққа шығармайды, ол өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтып отыр. Бұл дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, – деді Әуезов ауданы ПБ қарасты полиция бөлімінің басшысы Елнұр Құдретбаев.