Қазақстан метрология жөніндегі еуропалық ұйымға қабылданды
ҚазСтандарттың жетекші мамандарының делегациясы Еуропада ғана емес, әлемдегі ең беделді метрологиялық орталықтардың бірі – Германия физика – техникалық институтына (PTB) жұмыс сапарымен барды.
ҚазСтандарт тарихта алғаш рет EURAMET Еуропалық ұлттық метрологиялық институттарының қауымдастығының серіктес ұйымы ретінде қабылданды.
Сондай-ақ, біздің метрологтардың ынтымақтастық және Инновациялар мен зерттеулердің метрологиялық бағдарламасына (EMPIR) қатысу мәселелері талқыланды.
Қол жеткізілген мақсаттар ҚазСтандарттың еуропа елдерімен тиісті салыстырмалы салғастырулар жүргізу арқылы ҚР-ның өлшеу мүмкіндіктерін әлемде халықаралық тану жөніндегі қызметін қамтамасыз етуге, стандарттар мен регламенттерді қолданумен байланысты мәселелерді реттеуге және басқаруға мүмкіндік береді.
Өз кезегінде, сапаның дамыған инфрақұрылымы ҚР СИМ-ге жүктелген міндеттерді орындауға, сондай-ақ бәсекеге қабілетті өнім шығаруға, қоршаған ортаны қорғауға, денсаулық сақтау мен қауіпсіздікке, қорғаныс қабілетіне, табиғи ресурстарды есепке алуға және экономиканың басқа да салаларына тікелей ықпал етеді.