Жаңалықтар

Кәсіпкерлерге «Invisiblegovernment» форматында мемлекеттік қызмет көрсетіледі

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік органдармен ықпалдасуды жетілдіру үстінде

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бүгінде мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру, азаматтарға қызмет көрсету уақытын қысқарту саласында табысты жұмыс істеуде. Ал енгізілген бірыңғай ұйымдастыру қызметі құрылымды біріздендіруге және оңтайландыруға, лауазымдардың бірыңғай тізілімін және еңбекке ақы төлеудің теңгерімді жүйесін құруға мүмкіндік берді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Дыбыспаевпен сұхбат барысында айтылды.

   – Қанат Болатжанұлы, алдымен оқырмандарымызға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ұсынатын мемлекеттік қызметтер жайлы айта кетсеңіз

– Бүгінде Мемлекеттік корпорация жиырма екі мыңнан астам қызметкер жұмыс істейтін мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдері болып табылады. Қызметінің негізгі бағыттары: халыққа қызмет көрсету, әлеуметтік қамсыздандыру, жер кадастры, жылжымайтын мүлік және заңды тұлғаларды тіркеу болып табылады.

   Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығының қызмет нәтижелері бойынша  еліміздегі 328 (үш жүз жиырма сегіз) ХҚО арқылы азаматтарға 8,5 миллион мемлекеттік қызмет көрсетілді. Сондай-ақ, қабылданған өтінімдер 442 бэк-офисте өңделгенін, бэк-офистер мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайтынын атап өткен жөн. Жылжымайтын мүлік бойынша деректерге қатысты бірінші жартыжылдықта 1,5 миллионнан астам қызмет, ал заңды тұлғаларға қатысты 94 мың қызмет көрсетілді. Әлеуметтік қамсыздандыру саласында 838 315 қызмет көрсетілді.

Азаматтар Сіздердің құрылымға жүгінгендегі тиімділік не?

– Мемлекеттік корпорацияның негізгі мақсаты бизнеспен бірге «Invisiblegovernment» форматында мемлекеттік қызметтерді кедергісіз көрсету болып табылады. Онда барынша клиенттік сервис көрсету үшін мемлекеттік органдардың бизнеспен интеграциясы және өзара іс-қимылы бойынша ұйымдастырушылық рәсімдерді оңайлатамыз, сондай-ақ мемлекеттік корпорацияның бірыңғай платформасында мемлекеттік сервистерді орталықтандыру. Осылайша, бізге сенімгерлік басқаруға берілген мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін дамытуға мүмкіндік береді, демек, бизнеске мемлекеттік қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді.

   Бүгінгі таңда сенімгерлік басқаруға үш ақпараттық жүйе берілді: жылжымайтын мүлік тіркелімі, Халыққа қызмет көрсету орталығы және жер кадастры. Болашақта заңды тұлғалар, АХАЖ және ауыл шаруашылығы министрлігінің желісі бойынша қызметтерді интеграциялауды жоспарлап отырмыз.

– Жылжымайтын мүлікті тіркеу желісі бойынша сыртқы жобалар туралы айтып берсеңіз.

– Жоғарыда аталған ақпараттық жүйені ескере отырып, Blockchain технологиясын пайдаланумен жылжымайтын мүлік желісі бойынша пилоттық сәтті жобалар іске асырылды (мысалы,  BI Group-пен бірлесіп онлайн режимінде цифрлық ипотеканы (цифрлық ипотека), Отбасы банкімен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жылжымайтын мүлікті жалға алуды іске қостық) және Нұр-сұлтан және Алматы қалалары бойынша жылжымайтын мүлік иесінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерімен автоматты режимде шарт жасасу жобасы аяқталу сатысында.

    Қазіргі таңда Мемлекеттік корпорация  бірнеше механизмді іске қосуды жоспарлап отыр. Олар – жеке тұлғалар арасында жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шартын қашықтан жасасу (С2С бойынша), сондай-ақ krisha.kz-мен бірлесіп Жылжымайтын мүлік объектісі туралы мәліметтерді автоматты түрде толтыру арқылы хабарландыру беру процесін оңтайландыру.

Демек, азаматтың өмірлік жағдайларын ескере отырып, олардың өмірінің әрбір кезеңінде қызметтерді проактивті түрде алу мүмкіндігі бар ғой?

– Әрине. Сонымен қатар, тағы да мынадай мәселені айтқым келеді. Нарық сұраныстарын талдай отырып, біз аттестаттаудан өтудің, сервистерді қосуға өтінім берудің проблемалық мәселелерін анықтадық. Бүгінгі таңда бизнестің мемлекеттік қызметтермен интеграциялану кезінде кездесетін бірқатар қиындықтары бар. Бизнес қауымы үшін ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке оң сынақ актісі болуы, электрондық үкімет шлюзімен интеграциялануы, smart bridge платформасында өтінім беруі және олардың расталуын күтуі және т.б. қажет.

– Осыған байланысты мемлекеттік сервистермен интеграция деген не екенін түсінейікші. Мемлекеттік қызмет дегеніміз не?

– Мемлекеттік сервистермен интеграция үш кезеңнен тұрады. Біріншісі -пайдаланушының идентификациясы. Қазір бұл мәселені биометриялық сәйкестендіру арқылы шешуге мүмкіндік беретін технологиялар бар. Екіншісі-мемлекеттік қызметтің өзі. Үшіншісі – өтінімге қол қою. ЭЦҚ, OTP немесе бұлтқа қол қоюды қолдана отырып, мемлекеттік қызметтерді сыртқы платформаларда онлайн көрсетуді жеңілдетуге болады.

– Бұл бірыңғай платформа құруды көздейді ме?

– Бұл үшін мемлекеттік корпорация мемлекеттік сервистермен интеграция кезінде нарықтың барлық проблемаларын толық жабуға мүмкіндік беретін платформа құруды ұсынады. Бұл шешім мемлекеттік сервистерді сыртқы платформаға шығаруға мүмкіндік береді және нарық белгілі бір мемлекеттік қызметтерді өзінің технологиялық шешімдеріне дербес енгізе алады. Бұл әзірлеу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді және бірлескен жобаларды жылдам сынақтан өткізуге мүмкіндік береді.

Тақырыпқа орай