Алматыда 15000 үй жануары чиптеледі

Жарияланды

Мегаполистің кез-келген тұрғыны өзінің жануарын өтінім беру арқылы чиптете алады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде қалалық ветеринарлық қызметінің басшысы Адис Сейдақматов мәлімдеді. 2022 және 2023 жылдары 15000 үй жануарын тегін чиптеу жоспарланған.

Чиптеу – бұл иттер мен мысықтарды электронды сәйкестендіру. Жануардың терісінің астына бірегей 15 таңбалы нөмірі бар микрочип өмір бойына имплантацияланады.

Үй жануарларын есепке алынса, жоғалған кезде табу оңай және жауапсыз иелерін тәртіпке шақыруға болады. Қаңғыбас жануарлардың пайда болуына жануардың адасып кетуі, жоғалуы немесе иесінің бас тартуы сияқты негізгі себептері бар. Жануарда чип болса оны тауып, иесіне қайтаруға мүмкіндік туады.

Алматы әкімдігі үй жануарларын зарарсыздандыруға қаржы бөледі, бұл қаңғыбас жануарларды азайтуды қамтамасыз етеді.

Қаланың бас мал дәрігері Алматының барлық тұрғынын үй жануарларына барынша жауапкершілікпен қарауға, чиптеуге, зарарсыздандыру және қажетті ветеринарлық іс-шараларды жүргізуге шақырды.

Сондай-ақ оқыңыз