«Digital bridge форумы өзінің ауқымы мен мазмұнды бағдарламасымен ерекшеленеді. Форум өз алаңында инновациялық стартаптардың рекордтық санын жинайды, олар үшін арнайы ұйымдастырылған Аллеяда өздерін таныстып, жетістіктері мен мүмкіндіктерін ұсынып, жобаларына деген қызығушылықты арттыра алады. Форумға Орталық Азияның және өзге де елдердің ірі венчурлық қорлары, стартаптар, бірегей компаниялар, БАҚ, мемлекет, ІТ-комьюнити өкілдері қатысады. Стартаптар үшін бұл жобаларын ауқымды түрде танытуға және, ең бастысы, өзара тиімді ынтымақтастық орнату мен инвестициялар тартудың таптырмас жолы», – деп атап өтті Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің бас директоры Мағжан Мәдиев.
Аллеяда өз жобаларын edutech, healthetech, fintech, IoT, AR/VR, big data, e-commerce, AI, agritech, cybersecurity және gamedev салаларындағы MVP, PMF Scale сатысындағы стартаптар таныстыра алады. Форум ұйымдастырушылары әр жоба туралы ақпараттық стендтерді аллеяға орналастыруды өз тарапынан жасамақ. Сонымен қатар, қорытындысы бойынша 6 үздік жобаны бағалы сыйлықтармен марапаттау қарастырылған.
Стартаптар аллеясына қатысу үшін өтінімдер келесі сілтеме бойынша 16 қыркүйекке дейін қабылданады https://forms.amocrm.ru/xzzrmm.
Айта кетейік, Digital Bridge халықаралық форумы-IT саласындағы Қазақстандағы ең ірі іс-шара, ол жыл сайын Мемлекет басшысының қатысуымен өткізіледі. Ұйымдастырушылар – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен Astana hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің қатысуымен.
Форумның бас демеушісі – Kaspi.kz. Демеушілер мен серіктестер – Freedom bank, Tengizchevroil, My Car, Tech culture, Huawei, G42, Halyk Bank, Prime source, Glovo, SF компаниялары.