Жаңалықтар

Алматыда 2030 жылға қарай 5 полиорталық ашылады

Алматыны үлкен өзгеріс күтіп тұр

«Солтүстік», «Батыс», «Оңтүстік-батыс», «Шығыс қақпасы» және «Тарихи орталық». Қала тұрғындарының басым бөлігі осы орталықтарда тұратын болады. Бұл туралы «Алматыны 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі негізгі басымдықтарында» айтылады.
   
Барлық аудан бірігу және көшелердің желісі есебінен өзара байланыста болады. Қала тұрғындары қаланың кез-келген жеріне оңай бара алады. Полиорталықтарды дамыту экономиканың өсуіне және көшелерді әлеуметтендіруге ықпал етеді.

«Север» – Алматы-1 темір жол станциясына іргелес аумақ. Бұл жерде қызмет көрсету саласы дамиды. Өндіріс пен базарлар жойылады. ҮАК бойы, Баум тоғайы сынды кейбір аумақтар демалыс пен көгалдандыруға қолданылады.

«Шығыс қақпасы» – Талғар және Құлжа тас жолының ауданы. Әуежай аймағындағы көрме-ойын-сауық орнына және логистикалық хабқа айналады.

«Батыс» – Сайын және Рысқұлов даңғылдарының қиылысынан солтүстік-батысқа қарай. Индустриялық кәсіпорындар, көлік-логистикалық хаб.

«Оңтүстік-батыс» – Райымбек даңғылы мен Алатау көшесі. Шағын-өнеркәсіптік саябақтар, агроөнеркәсіптік өңдеу, сауда және логистика нысандары, әкімшілік-іскерлік орталықтар.

«Тарихи орталық» – Алматының өзегі. Инфрақұрылымды, қызмет көрсету саласын және туризмді дамыту.

Ақпарат Алматы қаласының телеграм арнасынан алынды