Жаңалықтар

БҚО тұрғыны қаржы пирамидасын құрғаны үшін сотталды

ҚМА БҚО бойынша департаменті жеке тұлғалардан қаражатты тарта отырып, «Нұр жиһаз» онлайн жобасында жиһаз ойнату арқылы, міндетті түрде жаңа салымшыларды тарту шартымен қаржылық пирамидасын ұйымдастырған азаматшаға қатысты қылмыстық істі аяқтады.

Тергеу барысында 7,5 млн теңгеден аса мүліктік залал келтірілген 153 азамат анықталды.

Сот істі талқылап, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған азаматшаны кінәлі деп танып, қаржылық және коммерциялық ұйымдарды басшылық лауазымдарды атқару құқығынан 7 жылға айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.