Коньяк пен брендиді арзанға сатқандарға айыппұл салынады

Жарияланды
2022 жылғы 11 қыркүйектен бастап айыппұл салынады

Қазақстанда күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарын, коньяк пен брендиді ең төмен бөлшек сауда бағаларынан төмен бағамен бөлшек сауда өткізгені үшін 2022 жылғы 11 қыркүйектен бастап айыппұл салынады. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде айтылды.

«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізілгені белгілі, онда арақтарға және айрықша арақтарға, арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына бағаларды реттеуден басқа коньяк пен брендиге ең төменгі бөлшек сауда бағаларын белгілеу көзделген.

Осыған байланысты, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 282-бабы 3-тармағының 4-бөлігіне арақтарды және айрықша арақтарды, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарды, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарын, коньяк пен брендиді өткізу кезінде ең төмен бөлшек сауда бағаларын бұзғаны үшін әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану бойынша өзгерістер енгізілді (2022 жылғы 11 қыркүйектен бастап күшіне енді), коньяк пен бренди ең төмен бөлшек сауда бағасы 1 930 теңгені құрайды.

Мемлекеттік кірістер комитеті арақтарды және айрықша арақтарды, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарды, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарын, коньяк пен брендиді бөлшек сауда бағасынан төмен бөлшек саудада өткізгені үшін жоғарыда аталған алкоголь өнімдерін тәркілей отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын еске салды.

Анықтама үшін: 282-бап. Қазақстан Республикасының этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзу

3. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң айналымы және олардың орнын ауыстыру шарттарын:

4) арақтарды және айрықша арақтарды, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарды, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарын, коньяк пен брендиді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ең төмен бөлшек сауда бағаларынан төмен бөлшек саудада өткізу

Сондай-ақ оқыңыз