Бұл туралы Шарлапаев журналист Дмитрий Шишкинге берген сұхбатында айтты. Оның айтуынша, ребрендинг қажет болады. Ол 1 қыркүйекте меншік құқығын беру мәмілесі жабылғанын қосты
«Жаңа банк «Береке банк» деп аталмақ. Қазақтың жақсы сөзі, оны бәріміз бір-бірімізге тілейміз. Менің ойымша, бұл банк бұрын жұмыс істеген құндылықтар мен міндеттемені көрсетеді және болашақта жұмысын жалғастырады деп үміттенемін»- деді Қанат Шарлапаев
2 қыркүйекте «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі мен Сбербанк тобы Қазақстандағы Жинақ банкінің еншілес банкі («Сбербанк» АҚ ЕБ) акцияларының барлық пакетін сату-сатып алу мәмілесін жапқаны белгілі болды.