Әуе кемелерінің құстармен соқтығысу жағдайларын азайту жедел шешімдер қабылдауды талап етеді – ҚР ИИДМ
Соңғы уақыттарда әуе кемелерінің құстармен соқтығысу жағдайлары жиілеп кетті. Салдарынан авиакомпаниялар рейстердің кешіктірілуіне және әуе кемелерін жөндеуге байланысты қомақты шығынға ұшырауда.
«ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңына сәйкес ұшуды орнитологиялық қамтамасыз ету Қазақстанның авиациялық әкімшілігіне жүктелген. Сонымен қатар ҚАӘ ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бақылау мен қадағалауға да жауапты. Ұшу кезіндегі осындай олқылықты жайттардың алдын алу және азайту мақсатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жедел кеңес өткізді. Алматы қаласы, Алматы облысы әкімдіктері және бірқатар отандық авиакомпаниялар мен әуежайлардың өкілдері қатысқан арнайы басқосуда әуе кемелерінің құстармен қақтығысу жағдайларын азайту туралы мәселе қарастырылды.
Қазақстанның авиация әкімшілігінің ақпаратына сүйенер болсақ, биыл еліміздің бірқатар әуежайының жауапкершілік аймағында ұшақтардың құстармен соқтығысуының 46 жағдайы тіркелді. Оқыс оқиғалар әсіресе Алматы әуежайында жиі байқалып отыр.
Сарапшылардың айтуынша, құстармен соқтығысу маусымдық сипатқа ие. Қақтығыстардың басым бөлігі құстардың көктем және күздегі көші-қон кезінде және жылдың жылы маусымдарында көптеп орын алады. Жыл сайын осы тақілеттес оқиғалар шілде немесе тамыз айларында жиі болады.
Мамандардың пайымдауынша, құстардың соқтығысуын толығымен жою мүмкін емес. Алайда бұл қауіпті едәуір азайтуға мүмкіндік бар. Қазақстанның азаматтық әкімшілігі сертификаттық және инспекциялық тексерулер жүргізу барысында әуежайларды пайдаланушылардың ұлттық заңнама талаптарын сақтауын тексереді. Оның ішінде әуежайдағы ұшу-қону жолағы ауданында патрульдеуді қамтамасыз етуді, пиротехникалық құралдарды, газ зеңбіректерін, биоакустикалық құрылғыларды, лазерлерді және өзге де құралдарды қолдана отырып құстарды үркітуді қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ құстардың ұшуы туралы ақпаратты диспетчерлер хабардар етуі тиіс.
Кеңес қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы орган өкілдері жиында көтерілген мәселелерді оңтайлы әрі жедел шешуге ықпал ететіндігін жеткізіп, бұл орайда әуежай әкімшілігімен бірлесіп жұмыс істеуге даяр екендіктерін білдірді.
«Бұл тұрғыда тиісті іс-шаралар қолға алынып, сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Осы ретте әуежай аймағындағы заңсыз нысандарды жоюға бюджеттен тиісті қаржының бөлінбеуі қол байлау болып отыр», – дейді Алматы қаласы әкімдігінің өкілі.
Жиын қорытындысы бойынша құстардың көптеп шоғырлануына әсер ететін заңсыз нысандарды жоюды жеделдетіп, осы мақсаттағы қаржыландыру көлемін арттыру ұсынылды.
Бұл мәселе бүгінде ведомствоның ерекше бақылауында.
ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
Құстар ұшақтарға жиі соқтығысатын болған
Сондай-ақ оқыңыз
- Оқу уақыты ~ 2 мин. Кәсіпкер әйелдерді қолдауға арналған «Үміт» бағдарламасы бойынша «Даму» қоры Halyk Bank-ке 5,5 млрд теңге бөлді
- Оқу уақыты ~ 3 мин. Қазақстан мектептеріндегі соңғы қоңырау жаңа форматта өтеді
- Оқу уақыты ~ 4 мин. Ұлттық куәландырушы орталық жаңа мемлекетаралық криптографиялық стандартты және бір кілттен тұратын ЭЦҚ-ны қолданысқа енгізбек
- Оқу уақыты ~ 2 мин. Рамазан айы мен Құрбан айт: 2024 жылдың діни мерекелері
- Оқу уақыты ~ 2 мин. 7 жасар Алиша Бисалиева шахматтан әлем чемпионы атанды
- Оқу уақыты ~ 3 мин. Былтыр шығынға батқан Bereke bank биыл 18,5 млрд пайда тапты
- Оқу уақыты ~ 3 мин. «Қазақтелеком» дивиденд төлеуге таза кірістің 25%-ын немесе 23 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр
- Оқу уақыты ~ 4 мин. Жеке бюджетті қалай дұрыс басқаруға болады?
- Оқу уақыты ~ 7 мин. Әлемдік ахуал мұнай нарығына қалай әсер етеді?
- Оқу уақыты ~ 2 мин. Bereke Bank санкциялық тізімнен шығарылуына қатысты ресми мәлімдеме жасады
- Оқу уақыты ~ 3 мин. Сот журналист Асхат Ниязовтың үстінен қозғалған "Жала жабу" бабы бойынша ісін тоқтаты
- Оқу уақыты ~ 3 мин. Bereke Bank доллармен жүргізілетін операцияларды қалпына келтірді
- Оқу уақыты ~ 3 мин. «Мобайл Телеком-Сервисті» сатып алатын Қатарлық компанияға қандай талаптар қойылады?
- Оқу уақыты ~ 4 мин. Қазақстанда 2023 жылы 1,1 млн тонна пияз өндірілген. АШМ сұраныстан 3 есе артық өнімнің бүлініп жатқанын растады
- Оқу уақыты ~ 4 мин. Алматы соты қыз зорлап, адам тонаған қүзетшіні 8 жылға бас бостандығынан айырды
- Оқу уақыты ~ 8 мин. UX-зерттеу: клиенттің көңілін табу жолында жасалатын қадамдар
- Оқу уақыты ~ 3 мин. Астананың делдалдығы туралы сөз жоқ: СІМ Алматыда өтетін Әзірбайжан мен Армения арасындағы келіссөздерге қатысты пікір білдірді
- Оқу уақыты ~ 6 мин. ЭЦҚ деген не және не үшін керек?
- Оқу уақыты ~ 3 мин. Қарыз қоржыны географиясын кеңейтеді: ҚДБ Таяу Шығыстың қаржы институттарымен ынтымақтастықты нығайтып жатыр
- Оқу уақыты ~ 3 мин. Bereke bank "МИР" төлем жүйесінің карталарымен операциялар тоқтатылатынын хабарлады
- Оқу уақыты ~ 4 мин. Ресей түрмелерінде жазасын өтеп жатқан қазақстандықтарды соғысқа қатысуға тартып жатыр ма? СІМ жауап берді
- Оқу уақыты ~ 4 мин. 2024 жылдың ең ұзақ мерекелік демалыстары басталады
- Оқу уақыты ~ 34 мин. «Қазақстанның ШОБ бизнес-барометрі» тұрақтаған меже: I тоқсанның қорытындысы және белгісіздік пен жаңа сын-қатерлер кезеңіндегі қысқамерзімді болжам
- Оқу уақыты ~ 3 мин. Еуропалық қайта құру және даму банкі «Аралтұзға» 5,5 млрд теңге несие берді