ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов Румынияның Көлік және инфрақұрылым министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Богдан Миндрескумен кездесті.
Кездесуге сондай-ақ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, Румынияның Азаматтық авиация басқармасының бас директоры Николь Стойка және «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Бас директоры Каталин Раду қатысты.
Кездесу барысында тараптар әуе, көлік, темір жол және теңіз салаларындағы бірқатар мәселелерді талқылап, барлық көлік түрлері бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді. Сондай-ақ қозғалған мәселелер бойынша сараптамалық жұмыс топтарын құруға келісті.
Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Т. Ластаев және Румынияның Көлік және инфрақұрылым министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Б. Миндреску Қазақстан мен Румыния авиациялық билік орындарының арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа сәйкес екі елдің әуекомпанияларына екі ел арасында әр тараптан ұшақтың кез-келген түрінде аптасына 14 рейс орындау құқығы берілді (7 жолаушы және 7 жүк әуе кемесі).
Сондай-ақ, «ашық аспан» режимі аясында қазақстандық тарап румын тарапына Қазақстанға ұшуларды 5 дәрежелі «ауа еркіндігін» пайдалана отырып жасауды ұсынды.
Мәселен, 2020 жылдың басында румындық «Blue Air» авиакомпаниясы Бухарест – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшуларды бастауды жоспарлаған болатын. Алайда, коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты Бухарест – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша рейстің ашылуы белгісіз мерзімге қалдырылған болатын.
Сонымен қатар, Румынияның Азаматтық авиация басқармасының бас директоры Николь Стойка мен «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Каталин Раду Техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар Қазақстан мен Румыния арасындағы тікелей тұрақты рейстерді іске қосуға байланысты жұмыстарды жалғастыруға келісті.
Қазақстан мен Румыния арасындағы әуе рейстерінің саны артады
Сондай-ақ оқыңыз
-
Оқу уақыты ~ 3 мин.
Тамызда Қазақстанда бес ірі фестиваль өтеді
-
Оқу уақыты ~ 5 мин.
Қалың малы 15 млн: Алтынай Жорабаева қызын ұзатты (видео)
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Атырау желідегі шамадан тыс жүктеме салдарынан жарықсыз қалды
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Павлодарда әйелдің басына мұз кесегі түсіп, қылмыстық іс қозғалды
-
Оқу уақыты ~ 3 мин.
Жедел жәрдем станциясының директоры бюджетті жымқырғаны үшін 9 жылға сотталды
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Орал орманы өртеніп жатыр
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Көкшетауда аулада әйелді көлікпен басып кеткен: көлік иесі амнистияға ілінді
-
Оқу уақыты ~ 3 мин.
«Нұрай бірінші мені пышақтады»: айыпталушы оқиғаға қатысты өз нұсқасын айтып берді
-
Оқу уақыты ~ 3 мин.
Жапонияда 7,1 балдық жер сілкінісі болып 50 адам жарақат алды
-
Оқу уақыты ~ 5 мин.
Дастан Сәтбаев "Челсидегі" алғашқы голын соқты (видео)
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Си Цзиньпин шетелдегі қандастарын Қытайдың қуатын арттыруға шақырды
-
Оқу уақыты ~ 9 мин.
Dolce & Gabbana бейнесі: Килиан Мбаппе сүйіктісін көрсетті