«KEGOC» АҚ алғашқы «жасыл» облигацияларын шығарды

Жарияланды
Бір данасының номиналды құны 1 000 теңге

2022 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі компанияның екінші облигациялық бағдарламасы шегінде шығарылған KEGOC мемлекеттік емес облигацияларының екінші шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды тіркеді. 

KEGOC облигацияларының түрі «жасыл» болып өзгертілді. – Бұл KEGOC облигацияларының алғашқы «жасыл» шығарылымы. Оларды орналастырудан түскен қаражат жаңартылатын энергия көздерін энергия теңгеріміне ауқымды тарту, елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар электр энергиясын жеткізу тиімділігін арттыру үшін қажетті желілік инфрақұрылымды салуға байланысты компанияның жобаларын іске асыруға жұмсалатын болады, – деп атап өтті «KEGOC» АҚ қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директоры Айгүл Әкімбаева.

Шығарылым көлемі 35 млн. қамтамасыз етусіз купондық облигация есебінен 35 млрд. теңгені құрайды, бір данасының номиналды құны 1 000 теңге. Облигацияларды «Қазақстан қор биржасы» АҚ-да (KASE) орналастыру ағымдағы жылдың қараша айына жоспарланған.

Сонымен қатар өзгерістер құбылмалы атанған және TONIA + тіркелген маржа индикаторына бекітілген облигациялардың купондық мөлшерлемесіне әсер етті. Бұл ретте тіркелген маржаның мөлшері облигацияларды орналастыру жөніндегі бірінші сауда-саттықтың қорытындылары бойынша айқындалатын болады. Купондар бойынша сыйақы төлеудің жиілігі артты, енді төлемдер жылына екі рет жүргізілетін болады.

«KEGOC» АҚ алғашқы жасыл облигацияларын шығару Қазақстанда ESG жобаларын дамытуға бағытталған экономиканың нақты секторындағы отандық эмитенттер санының өсуіне импульс береді, – деп атап өтті KASE басқарма төрағасының орынбасары Ермек Мажекенов.

Сондай-ақ оқыңыз