Қаржыны сақтандыру аннуитетінен БЖЗҚ-ға қайтаруға қатысты өзгерістер енді
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Оның ішінде зейнетақы аннуитетіне қатысты өзгерістер бар.
Енді зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан тұлғалар оны жасаған күннен бастап екі жыл өткеннен кейін сақтандыру ұйымына шарттың талаптарын сақтандыру төлемдерінің мөлшерін азайту және БЖЗҚ-ға ақшаны қайтару бөлігінде өзгерту туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
БЖЗҚ-ға қайтарылуға жататын ақша зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күндегі сатып алу сомасы мен сақтандыру сыйлықақысының сомасы арасындағы айырмаға тең.
Басқаша айтқанда, сақтандыру ұйымында зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күні қолданылатын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% төмен емес айлық сақтандыру төлемінің мөлшерін өмір бойы қамтамасыз ететін сома қалуы тиіс.
БЖЗҚ-ға ақшаны қайтаруды жүзеге асыру үшін салымшы (алушы) зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан сақтандыру ұйымына шарттың талаптарын сақтандыру төлемдерінің мөлшерін азайту және БЖЗҚ-ға ақшаны қайтару бөлігінде өзгерту туралы өтінішпен жүгінуі қажет.