Жыл басынан бері интернетте қызмет көрсететін шетелдік компаниялар, сондай-ақ интернет арқылы жеке тұлғаларға тауарларды сататын шетелдік сауда алаңдары (маркетплейстер) қосылған құн салығы немесе GOOGLE салығын төлеуі керек. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.
GOOGLE салығын төлейтін шетелдік компания үшін тіркеу талаптары жеңілдетілген. Мәселен, тіркеу есебіне тұру үшін шетелдік компания ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне хат жіберсе жеткілікті. Осы арқылы олар шартты тіркеуден өтеді.
Жыл басынан бері 37 шетелдік компания, соның ішінде Apple, Meta, Google, Ebay, Amazon және басқа да көптеген әлемдік компаниялар шартты тіркеуден өтті. 2022 жылдың басынан бастап аталған компаниялар 6,1 млрд. теңге сомасына салық төледі.
Ең ірі салық сомаларын Ирландияның резиденттері болып табылатын «Meta Platforms Ireland Limited» (1,6 млрд. теңге) және «Apple Distribution International Limited » (1,1 млрд. теңге), сондай-ақ АҚШ резиденті «ООО iHerb» (1,4 млрд. теңге) төлеген.
Қандай компаниялар қанша салық төлегені туралы ақпаратты Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында https://kgd.gov.kz/ru/content/spisok-inostrannyh-kompaniy-osushchestvlyayushchih-elektronnuyu-torgovlyu-tovarami-okazanie сілтемесі бойынша көруге болады.
«Салық декларациясын тапсырудың қажеті жоқ, айыппұлдар мен салықтық әкімшілендірудің басқа да күрделі тетіктері жоқ екенін атап өткен жөн. Мұның бәрі тауарлармен электронды сауданы жүзеге асыратын немесе қазақстандық сатып алушының атына электрондық қызметтер көрсететін шетелдік компания үшін Қазақстан Республикасындағы салық міндеттемелерінің орындалуын оңайлату мақсатында жасалды», – деп атап өтті МКК-де.
Шетелдік маркетплейстер Қазақстанның бюджетіне 6,1 млрд. теңге төледі
Сондай-ақ оқыңыз
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Оңтүстікте жер сілкінді
-
Оқу уақыты ~ 7 мин.
Қазақстан банктерінің жартысына жуығын әйелдер басқарады: олар кімдер
-
Оқу уақыты ~ 3 мин.
Зеленский Ресейдің қатысуымен өтетін келіссөздер үшін АҚШ делегациясын Киевке шақырды
-
Оқу уақыты ~ 3 мин.
Солтүстік, оңтүстік пен батыста қатты жел күтіледі: 4 сәуірге ауа райы болжамы
-
Оқу уақыты ~ 3 мин.
Алматыда жылу беру қашан тоқтатылады
-
Оқу уақыты ~ 4 мин.
"Атымды Бауыржан Момышұлы қойған": Конституция есімді әйелдің әңгімесі
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
СҚО-да сот баланың мүгедектік құқығын қорғап қалды
-
Оқу уақыты ~ 5 мин.
Шымкентте үш адам автобус аялдамасын талқандады
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Астанада айналмалы шолу дөңгелегі өртенді
-
Оқу уақыты ~ 4 мин.
Трамптың «бас ауруы»: Ормұз бұғазындағы құрсауды бұзу неге қиын
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Қазақстандық банктің иесінен акциялар тартып алынуы мүмкін
-
Оқу уақыты ~ 5 мин.
Сотта Жанабыловтар қылмыс жоспарын қалай құрғаны айтылды