Кедендік құнын төмендету мақсатында кәсіпкерлер «киім-кешектің» орнына декларацияда «маталарды» көрсеткен. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.
2022 жылдың қыркүйегінде Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Алтынкөл-Жол» кеден бекетінде кеден заңнамасын бұзды деген күдікпен 6 теміржол контейнеріне инспекциялық тексеру кешені арқылы сканерлік әдіспен кедендік тексеріп-қарау жұмысы жүргізілді.
Аталған контейнерлер Қытай Халық Республикасынан ЕАЭО елдерінің біріндегі тауар алушының мекенжайына транзит процедурасы негізінде бара жатқан.
Кедендік тексеріп-қарау барысында аталмыш контейнерлерден ірі партиядағы контрабандалық тауарлар табылған ( тері тон, джинсы, шалбар, күртеше, белдемше, пижама, әртүрлі әйелдер киімі, т.б.). Алайда, тауардың көліктік-ілеспе құжаттарында кедендік-салықтық төлем құны төмен тауар «мата» көрсетілген.
Алдын-ала жүргізілген есепке сәйкес, жалпы салмағы 137 тоннаға тең декларацияланбаған тауардың кедендік құны 1 миллиард теңгеден асады.
ҚР Кеден кодексінің 222-бабына сәйкес кеден органдары кедендік транзит бойынша өтіп бара жатқан тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау барысында заң бұзушылық орын алған жағдайда оны тоқтатып, кедендік тексеріп-қарауды жүргізуге құқылы. Себебі транзиттік декларация заңды күші бар құжат болып есептеледі.
Іс материалдары қылмыстық-процессуалдық шешім қабылдау үшін Жетісу облыстық экономикалық тергеу департаментіне жіберіледі.
Қытаймен шекарада бір миллиард теңгенің ірі контрабандасы ұсталды
Сондай-ақ оқыңыз
-
Оқу уақыты ~ 5 мин.
Референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті
-
Оқу уақыты ~ 4 мин.
Баян Алагөзова 8 наурызға сыйлыққа құны бірнеше пәтерге тең сағат алды
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Air Astana мен FlyArystan 10 наурызда Дубайда қалып қойғандарға ұшақ жібереді
-
Оқу уақыты ~ 7 мин.
Эпштейн және қазақ элитасы: құпия файлдағы Мәсімов, Шөкеев, Қазыханов
-
Оқу уақыты ~ 3 мин.
Танагөз ақынға бұрынғы күйеуі Дәурен Берікқажыұлы қолдау білдірді
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Атырауда жоғалған отбасының екі мүшесінің мәйіті табылды
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Лукашенко бала аз туылатынын айтып, өзбектерді көмекке шақырды
-
Оқу уақыты ~ 3 мин.
Ораза 2026: Ауызашар мен сәресінде оқылатын дұға
-
Оқу уақыты ~ 4 мин.
WeRide және Geely 2000 роботакси шығармақ
-
Оқу уақыты ~ 7 мин.
Қауіп сейілмейді – синоптиктер 10 наурызға ауа райын болжады
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Щучинсктегі жарылыста жарақат алған тағы екі адам көз жұмды
-
Оқу уақыты ~ 4 мин.
32 жылдан кейін келген чемпион: Михаил Шайдоров туралы не білеміз