Инвестиция

Жеңілдетілген лизинг. Сатып алу құқығымен жалға берілетін ауыл шаруашылығы техникасын қалай алуға болады?

Кімдерге қандай техника берілетінін қарастырдық

Лизинг ауыл шаруашылығы техникалары кейіннен сатып алу құқығымен жалға беріледі. Бұл бағдарламаға кімдер қатыса алады, қандай жағдайда техника беріледі және қандай шарттары бар – бүгінгі материалда тарқатып көрдік.

2022 жылдың тамыз айының басында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ауыл шаруашылығы және Экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерімен бірлесе ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингіге беру бағдарламасын іске қосты. Бір ай ішінде 369 техника қолданысқа берілді.

Бағдарлама кімдерге арналған?

«Жеңілдетілген лизинг» бағдаламасына шағын және орта ауылшаруашылық құрылымдары жалға алу үшін техника ала алады. Бұл санатқа шаруа қожалықтары, кооперативтер және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері кіреді.

Лизинг шарттары қандай?

  • Мерзімі – 10 жылға дейін.
  • Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6%.
  • Бастапқы төлем – 0%.
  • Лизинг бойынша бастапқы жарна (аванс) – 0%;
  • Негізгі борышты қайтару бойынша жеңілдікті кезең – 1 жыл.

Қаржыландыру сомасы және бірлік бойынша шектеулер бір лизинг алушыға 205 миллион теңгеден және үш техника бірлігінен аспайды.

Қаржыландырудағы шектеулер – бір лизинг алушыға екі жылда бір реттен жиі емес. Бастапқы төлемді жасау және кепіл беру қажеттілігінің болмауы жеңілдетілген шарттарда көліктер паркін жаңартуға мүмкіндік береді.

Жеңілдетілген лизингімен қандай техника алуға болады?

Осы бағдарламаға сәйкес ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне арналған өздігінен жүретін отандық техникаларды қарастыруға болады:

  • тракторлар – Lovol, Deutz Fahr, Turan, «Кировец», «Беларусь», RSM, YTO, Claas Xerion, Dong Feng, Wuzheng;
  • астық (күріш) комбайндары – Essil, Vector, Acros, Torum, Claas Trion, Deutz Fahr;
  • сүрлем жинайтын комбайндар: жем-шөп жинайтын жоғары өнімді комбайн (ЖЖК), жем-шөп жинайтын өздігінен жүретін комбайн (ЖӨК).

Ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілердің тізіміне: «АгромашХолдинг KZ» АҚ, «Қостанай трактор зауыты» ЖШС, «Қазақстан Агро инновациялық корпорациясы» ЖШС, «СемАЗ» ЖШС, «Kazrost Engineering Ltd.» ЖК, «СТ ЭСЭМБЛИ» ЖШС, «KazKioti» ЖШС, «МТЗ-Қазақстан машина жасау зауыты» ЖШС кіреді.

Пайдалануға арналған техниканы қаншалықты жылдам алуға болады?

Ауыл шаруашылығы министрлігі шаруалардың талабын ескерді. Бағдарлама егін жинау науқаны басталғанға дейін қажет техникалар дайын болатындай етіп жасалған.

Жабдықтардың алғашқы бөліктері қазірдің өзінде шығарылды, техника алып жатқан тұлғалар бар.

Өтініш беруден бастап жабдықты қабылдауға дейінгі кезең екі аптадан аспайды.

Бағдарлама қанша уақыт жұмыс істейді?

Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен лизингіге беру бағдарламасы 20 жылға есептеліп, оны жүзеге асыруға 40 миллиард теңге бөлінген.

Қолданыстағы лизингілерді өтеуден түсетін төлемдер жаңа шарттар жасасуға жіберілетін кезде қаржыландыру револьверлік режимде жұмыс істейді.

Бастапқы жарна енгізу және кепіл беру қажеттілігінің болмауы шағын және орта ауыл шаруашылығы құрылымдарына егін жинау жұмыстарын бастау үшін техника паркін жеңілдікті талаптарда жаңартуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, «ҚазАгроҚаржы» АҚ-да скоринг жүйесін енгізудің арқасында өтінімдер қысқа мерзімде қаралады және 5 күннен аспайды.

Техника алу үшін қайда өтініш беру керек?

«ҚазАгроҚаржы» АҚ барлық филиалына барып өтініш беруге болады. Олар Қазақстанның әр аймағында бар, толық тізіммен мына сілтемені басып таныса аласыз.

Балдық жүйені енгізудің арқасында өтініштер мүмкіндігінше қысқа мерзімде қаралады. Өтініштің күйін сайтта СТН немесе БСН арқылы тексеруге болады.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ ресми сайтында «Лизинг калькуляторы» жұмыс істейді. Сол арқылы ауыл шаруашылығы техникасы сіздің жағдайыңызда қандай несиемен берілетінін, авансты, тең үлестермен кесте бойынша қалай есептептелетінін көре аласыз.  

Қандай құжаттар өткізу қажет?

Алдымен өтінім беріп, одан кейін өтініш берушінің сауалнамасын толтыру керек. Тұлға мәртебесінде нюанстар бар (жеке/заңды – әрқайсының несиелік бюродан ақпарат беруге келісімінің өзіндік нысаны бар), сондай-ақ міндеттемелердің жалпы көлеміне байланысты айырмашылықтар – 700 миллион теңгеге дейін немесе одан асатын шекті мән және құжаттар форматы (түпнұсқа немесе түпнұсқадан электрондық көшірме).

Құжаттардың толық тізімімен мына сілтемені басып таныса аласыз.

Қосымша сұрақтарға жауап алу үшін +7 (7172) 580-411 сенім телефонына немесе байланыс орталығына мына номер бойынша хабарласыңыз: 1429, +7 (771) 935-29-04, +7 (7172) 580-437, +7 (7172) 557-755.

«Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасын іске асырған бір ай ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ға 43,6 миллиард теңге сомасына 1089 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға өтініш түсті. ҚР АШМ Баспасөз орталығының мәліметінше, қыркүйек айының басында 16,6 миллиард теңге сомасына 369 бірлік техника қаржыландырылды.

Бағдарламаның қаржылық операторлары – «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ және «ҚазАгроҚаржы» АҚ.

Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке беру бағдарламасын іске асыру үшін 40 миллиард теңге бөлінеді, оның 30 миллиард теңгесін «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ «Жасыл Даму» (ӨКМ операторы) АҚ қаражатынан және 10 миллиард теңгесін «ҚазАгроҚаржы» АҚ капитал нарығынан тартады.