Нұр-Сұлтанда машина жасаушылар бас қосады
21-23 қыркүйекте Конгресс-орталығында және EXPO халықаралық көрме орталығында Қазақстан машина жасаушыларының X форумы және Kazakhstan Machinery Fair 2022 машина жасау және металл өңдеу бойынша II халықаралық мамандандырылған көрме өтеді. Форумның тақырыбы: «Қазақстанның машина жасау саласы: жаңа заманның сын-тегеуріндері». Форум ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен Қазақстан машина жасаушылар одағы, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Форум машина жасау саласының өңірлік және халықаралық кәсіпорындары тап болып отырған сын-тегеуріндердің кең ауқымын шешетін пікірталас алаңы ретінде өзін танытты, оның шеңберінде экономиканы әртараптандыру, импортты алмастыру және жаңа экономикалық саясат тетіктері талқылануда.
Форум мен көрмені өткізудің мәнділігі мен маңыздылығын олардың нәтижелері дәлелдейді: 2021 жылы форум жұмысына Қазақстан Республикасынан, Германия Федеративтік Республикасынан, Италия Республикасынан, Австрия Республикасынан, Литва Республикасынан, Ресей Федерациясынан, Украинадан, Өзбекстан Республикасынан, Чех Республикасынан, Корея Республикасынан және Түркия Республикасынан 1 200-ден астам делегат қатысты.
Көрмеге 200-ге жуық отандық және шетелдік, оның ішінде әлемге әйгілі компаниялар қатысты.
Өткізілетін орны: Конгресс-орталық және EXPO халықаралық көрме орталығы, Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан Республикасы.