Президент жұмыс сапарымен Самарқанд қаласына барды

Жарияланды
ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің саммитіне қатысады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Саммитіне қатысу үшін жұмыс сапарымен Самарқанд қаласына барды деп хабарлайды, ҚР Президенті жанындағы Орталық комуникациялар қызметі.

Мемлекет басшысын Самарқанд әуежайында Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдолла Арипов күтіп алған.

Қасым-Жомарт Тоқаевты «Silk road» туристік орталығында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды.

Бұл жерде Қазақстан Президенті Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттер басшыларымен бірге «Silk road» туристік орталығында өткен тал егу рәсіміне қатысты.

Мемлекет басшысы Самарқандтағы «Мәңгілік қала» кешеніне барып, көрмелер мен шығыс базарын тамашалады.

Сондай-ақ оқыңыз